«Экономикадағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асуы нарықтың дамуын тежейді» деген пікірмен келісесіз бе?

«Экономикадағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асуы нарықтың дамуын тежейді» деген пікірмен келісесіз бе?

Қазақстан экономикасы қазір біреуден ілгері, біреуден кейін, өзінше дамып келеді. Алайда алға қойған мақсатымыз айқын: бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Ол үшін ең алдымен экономикамызды дамытуға тиіспіз. Оның өзінде де міндет – экономиканы нарықтың барлық тиімді тетіктерін жете меңгере отырып дамыту. Оның жолдары көп. Қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған басты мәселе – экономикадағы мемлекеттік үлесті біртіндеп қысқарту. Жалпы, осы экономикадағы мемлекеттің үлес салмағы қанша болғаны дұрыс? Мамандар не дер екен?


Мұрат Темірханов, «Visor Capital» АҚ қаржы директоры:
иә
– Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту мәселесінің көтеріліп жүргені бүгін емес. Есте­рі­ңізде болса, Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақ­­стан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында былай делінген: «Отан­дық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қоз­ғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жыл­ға қарай ең аз дегенде екі есе өсуге тиіс.
... мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бө­лісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсім­нің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруы­мыз керек.
Жеке бизнес әрқашан және барлық жер­де мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет ете­ді. Сондықтан біз стратегиялық емес си­пат­тағы кәсіпорындар мен қызметтерді же­ке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кә­сіп­керлікті нығайту үшін аса маңызды қа­дам». Экономикадағы мемлекеттің емес, керісінше, нарықтың үлесін арттыру­дың маңыздылығы жуырда өткен Еуразия­лық форумда да жақсы көтерілді. Рас, әлем­ді дағдарыс шарпып өткен кезде, эко­номикада мемлекеттің белсендірек болуы­на тура келді. Ол сын сәт еді. Нарықтық эко­номиканың заңы бойынша мемлекет­тің нарық саласындағы үлесі мен мөлшері аз көлемде болуы керек. Десек те, дағ­да­рыс кезінде мемлекет пен жеке секторды үйлестіру қажет болды. Сөйтіп, мемлекеттің экономикадағы әсері күшейіп, үлесі артқан бо­латын. Енді нарық механизмдерін кү­шей­ту керек . Бұл – ең дұрыс бағыт. Еліміз­дің әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – осы. Мемлекеттің осындай міндеттеме қоюы –«жеті рет өлшеніп барып, бір рет ке­сіл­ген» қадамы. Алайда бұл жерде мы­на­ны ескерген жөн: нарықтық экономи­кадағы мемлекеттің рөлін қысқартуға тек Үкімет қана емес, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы да мүдделі болуы тиіс. Оның үстіне, «Атамекен» одағының Үкіметке ық­пал етуге толық құқықтары бар.
Менің ойымша, кең ауқымды жеке­ше­лендіру кезінде мынандай тетіктерді ұмытпаған абзал:
1.Бұл үдеріс, негізінен, нарықтық эко­но­микадағы мемлекет үлесін жаппай азайту­ға бағытталуы тиіс. Өйткені Үкімет коммер­ция­лық активтердің бірін сатып жатса, екін­ші жағынан, керісінше, сатып алып жа­тады.
2.Жекешелендіру кезінде нарық құрал­дары пайдаланылуы керек, яғни IPО арқы­лы. Оның өзінде бізге тиімдісі – Қазақ­стан­ның қор биржасы екенін ұмытпайық. Біз­дің тұрақты экономикамыздың арқа­сын­да шетелдің әлеуетті инвесторларының біздің сапалы қазақстандық эмитенттерге қы­зығушылығы бұрынғыдан да арта түспек.
3.Ұлттық IPО-мен шектеліп қалуға бол­майды. Ондай жаппай жекешелендіруге қарапайым халық жаппай атсалыса ал­майды. Сондықтан әлеуетті инвесторларды тарту керек. Міне, сонда нағыз нарықтық эко­номика, оның өзінде әлемдік нарыққа шы­ғуға қауқары бар экономика жасай ал­ған болар едік.
4.Жекенің қолына өткен компания­лар­дың стратегиялық маңыздылығына қатып қалу­ға болмайды. Егер Үкімет стратегия­лық компаниялардың 30 пайызын сатса, бұл мемлекет барлық бақылауды қолдан шы­ғарып алды деген сөз емес. Керісінше, мем­­лекеттік кәсіпорындардың айқ­ынды­ғы­ның артатындығын, корпоративтік бас­қару­дың жақсаратындығын және бәсекеге қа­білеттілік күшейетіндігін ескерген жөн. Тағы бір мәселе – биржаға шығатын халықтық IPO-ның үлесін арттыру қажет.


Алғатбек Қыдырбекұлы, экономика ғылымының докторы:
жоқ
– Негізі, мұндай үдерісті нарық өзі реттеп оты­рады, былайша айтқанда, екеуінің біреуінің күш алуы – экономикалық жағдайға да бай­ланыс­ты өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы, мен өз басым, біздің елдегі ахуалды ескерсек, мем­­лекеттік үлестің көбірек болғанын қалай­мын, яғни аралас экономика. Кейбір кездері мем­лекет түгелімен, яғни 100 пайыз өз менші­гі­не алып, өзі тікелей басқару керек болады. Оған әлбетте мемлекет толықтай дайын болу керек. Соған шама-шарқы жетсе, әрине. Мұн­дай тәсіл негізінен социализм дәуірінде қолда­ны­лады.
Классикалық капитализм үстемдік құрған кезде мемлекет экономикаға кіріспейді. Оның барлығымен жеке кәсіпкерлер өздері айна­лы­сады. Ал социализм кезінде барлық меншік мем­лекеттің қолында болғандықтан, экономи­каны толықтай мемлекет өзі басқарады. 
Осы екеуінің ортасында аралас эконо­ми­ка деген бар. Дәл қазір біз үшін ең дұ­рысы – осы. Былайша айт­қанда, кәсіп­орын­дар жартылай нарықта, жартылай мемлекетте болғаны абзал. Мұндай жағдайда мемлекет ілдалдап қалған өндіріс орындарын қанатының астына алып, ол аяғынан тік тұрып кеткенше қар­жылай қолдау көрсетіп отыруы керек. Мем­лекеттің көмегімен ол көтеріліп алады. Содан кейін мемлекет оны қайтадан же­кеге сатып жібереді. Одан түскен ақшаны тағы бір тұралап қалған бизнеске жұмсай­ды. Осылай мемлекет нарықтық экономи­ка­ны басқарып отыруы тиіс. Мемлекеттік басқару дегеніміз, міне, осы. Әрине, мына нарық заманында енді социализмдегідей барлығы мемлекет меншігіне өте қоймас, ондай болса, тым құрығанда аралас эко­но­микадан айырылып қалмасақ болды.
Үкімет басындағылардың позициясын өз басым еш түсіне алмаймын. Айқын бағыт-бағдар жоқ сияқты. Соның салдары­нан да болар, қазір экономикамызда қолға алынған бастамалар аяқсыз қалып жатады. Экономикамыз дәл қазір аласапыран кезеңде тұрғандай.
Айта кетейін, «мемлекет тарапынан эко­номикаға кірісу – мемлекеттік басқару­дың тиімсіз жолы» деген қағида сонау 1790 жылдары Адам Смиттің теориясына негізделіп айтылған. Үкіметіміз соны басшылыққа алатын сияқты. Экономиканы дамытудың барлық жолдарын зерттеп шыққан капиталистік дамушы елдер мұндай формадан бас тартып жатыр. Сөйтіп, олардың өздері КСРО-ның механизмдерін дұрыс деп тапты.
Өкінішке қарай, бізде барлығы талан-таражға түсті. Әкімдіктер, министрліктер отырған ғимараттардан басқа мемлекет қолында ештеңе жоқ. Азын-аулақ бар шығар. Оларды мемлекеттік деп айтуға да келмес.
Қазақстанда мұнай мен металлургия саласы ғана дамып келеді. Қалғандарының барлығы тұралап қалды. Соларды дамыту үшін мемлекет барлығын қолына алулары керек еді. Экономиканы дамыту үшін мем­ле­кеттік басқару тәжірибесіне көшуіміз керек. Егер экономикадағы мемлекеттік үлес­ті 50 пайыздан асырсақ, нарықтың да­муын тежемейміз, керісінше, дамытамыз.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Сарапшылардың есебінше, бүгінгі күні ел экономикасындағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздай. Ал мұндай салмақ, олардың ойынша, «нарықтың дамуына кері әсерін тигізбек». Бір жағы, олардыкі дұрыс та шығар. Алайда ұлттық экономиканың тірегі – стратегиялық нысандар екенін естен шығармаған жөн. Аты айтып тұрғандай, мұндай нысандар қауіпсіздігі үшін мемлекеттік үлестің сақталуы ауадай қажет. Халықаралық тәжірибе де экономиканың стратегиялық салаларына шетел инвестициясын шектеу қажеттігін айқын көрсетіп отыр. Ал біздің жағдайымызда мұндай маңызды салаларда шетелдіктердің, яғни жекеменшіктің үлесі зор. Сондықтан бізге ондағы мемлекеттік үлесті арттыру мәселесін көтеретін уақыт жеткен жоқ па?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста