Бурабайды шетелдік туристер үшін тартымды аймаққа айналдыра алдық па?

Бурабайды шетелдік туристер үшін тартымды аймаққа айналдыра алдық па?

Қай мемлекетте болсын туризм саласы үлкен табыс көзі болып саналады. Біздің елдің де бұл салаға таласы жоқ деп ешкім айта алмайды. Алыс-жақын шетелдік туристерге үлкен қуаныш сыйлайтын демалыс орындарымыз өте көп. Туризм саласы бізге, ең бірінші, экономикалық тұрғыдан орасан зор пайда әкеледі. Екіншіден, шетелдіктерге қазақ халқы туралы жағымды мағлұмат беретін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Солардың бірі – Көкшетау маңында орын тепкен Бурабай демалыс орны. Кейбір деректерге қарағанда, Арқаның баға жетпес байлығы – Бурабайға күніне 5000-ға жуық адам келіп-кетіп жатады екен. Бұл, әрине, әлемге аты мәшһүр демалыс орындарымен салыстырғанда, өте төмен көрсеткіш екені даусыз. Дегенмен кейбір мамандар «Бурабай шетелдік туристер үшін тартымды аймаққа айналып отырған жоқ» дегенді жиі айтады. Осы сөздің қаншалықты растығын саралау үшін мамандардың пікіріне жүгінсек...

ualihan-kaisarov-11

Уәлихан ҚАЙСАРОВ, саясаткер:

Иә
– Бүгінгі таңда Бурабай өлкесі  еліміздің әлемге аты танымал, аса көрікті жерлерінің бірі екені даусыз. Оның жер бетіндегі «екінші Швейцария» деп аталуы тегін болмаса керек. Тіптен кей жерлері, меніңше, Швейцариядан да артық сияқты. Күллі әлем алдында Бурабайды – Бурабай еткен осы керемет табиғаты емес пе? Алыс-жақын шетелдерден Бурабайдың сол керемет бейнесі мен әсем табиғатын көру үшін мыңдаған саяхатшылар келіп жатады.

Бізде, расы керек, Бурабайдың негізгі демалушылары – шетелдіктер. Ат арылтып Ресейден, сонау Түркия, Франциядан, Англиядан келіп жатады.

 Ал отандық туристер, неге екені белгісіз, көбіне алыс-жақын шетелге барып демалғанды құп көреді. Мұның барлығы да маған отандық туризм саласын дамытудан гөрі, шетелдегі туризм саласын жарнамалап ақша табатын кәсіпкерлердің кесірі секілді көрініп тұрады. Байқап қарайтын болсақ, отандық туристік компаниялардың көбі, тіптен 100 пайызы, десек те қателесе қоймаспыз, шетелден турист тартуды емес, керісінше, қазақстандықтарды шетелде демалту саясатын ұстанып жатқандай көрінеді. Өзгені жарнамалағанша, өзіміздің барымызды бағалайық. Қарқаралы, Ұлытау, оңтүстік, батыс өлкедегі қаншама керемет тарихи жерлеріміз бар. Осындай тамаша жерлерімізді жақсы жарнамалау саясаты жүретін болса, Бурабай ғана емес, басқа жерлерге де мыңдаған, тіпті миллиондаған саяхатшылар келер еді. Өкінішке қарай, көптеген туристік компанияларымыз бен кәсіпкерлер оңай ақша табу жолында жүр. Олар алыстан іздеп әуре болмай-ақ, еліміздегі туристердің ақшасын сыпырып алғанды жөн көреді.

Бурабай өлкесі – шетелдік туристер үшін өте тартымды аймақ. Табиғаты аса сұлу, экологиялық жағынан да тиімді. Сол себепті шетелдік туристер Бурабай аумағына жиі келіп жатады. Бүгінгі таңда осы аумақта туризм саласын дамыту үшін үлкен-үлкен шаралар жасалуда. Ол жерде кеден, салық бөлімшелері құрылуда. Арнайы туристік аймақ қалыптастыру үшін жер бөлініп жатыр. Қазақстанның әлем алдындағы беделін қалыптастыру үшін Бурабайда ұлттық орталық салынғалы жатыр. Шетелдік саяхатшылар да үздіксіз ағылуда. Бұл еліміздің інжу-маржаны – Бурабайдың дамып, қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

murat-abenov_16

Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Жоқ
– Біз Тәуелсіздік алған жылдардан бері туризм саласын дамыта алмай келеміз. Еліміз шұрайлы жерлерге өте бай. Ал оларды біз табыс көзіне айналдыра алмай отырмыз. Солардың бірі – Арқа төсіндегі Бурабай демалыс аумағы. Мен жақында ғана шетелден келген достарыммен бірге барып қайттым. Шынын айтқанда, оларды Бурабайда ештеңемен таңдандыра алмадық. Бәрі сол еуропалық стильде: жиһазы – Қытайдікі, дизайны – Франция немесе Англиянікі дегендей. Туристер не үшін келеді? Олар әрбір халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын танып, тағамдарын жеп, қысқасы, әрбір елдің өзіне тән мінезін көру үшін келеді.

 Ал бізде, керісінше, келгендерге көшіріп тұрып өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрін қайталап береміз. Мұндай стильдегі курорттар әлемнің әр түкпірінде жетіп-артылады.

Туризмді дамыту үшін, әрине, инфрақұрылымды мықтап дамыту қажет-ақ! Бірақ Қазақстаннан Еуропа жасаудың қажеті жоқ. Әр мемлекет өзінше стильде болуы тиіс. Ұлттық бояу жоқ. Ал шетелдік туристерге, ең бастысы, осы ерекшелік керек. Бурабайды тек еуропалық стандарттарға келтіру арқылы дамытамыз деген ой дұрыс емес.

Туризм бизнесі мемлекет қаржысымен жасалмайды. Мемлекет тек оған жағдай жасауы тиіс. Керісінше, жекелеген кәсіпкерлер дамытуы тиіс. Бурабайда бәрі керісінше секілді. Қалталы азаматтар мен шенеуніктер қос-қостан үй салған немесе сатып алған. Оны не жалға бермейді, не өздері тұрмайды. Болашақта керек болар деген оймен қойып қойған. Жекелеген бизнесмендер әлі Бурабайға жете қойған жоқ. Мысалы, Бурабайда көл жағасында 100-ге жуық пәтер бар көрінеді.

Солардың тек 30-ында ғана жергілікті халық тұрып, қызмет көрсетеді екен. Ал қалған 70 пайызы – Алматы, Астана секілді қалаларда тұратын адамдардың жекеменшігі. Жаздың белгілі бір маусымында демалу үшін ғана барады. Ал қалған уақыттарда бос тұрады. Мұндай жағдаймен біз жер шоқтығы – Көкшетау өлкесін туризм орталығы ретінде дамыта аламыз деу қиындау. Бурабайға ұлттық реңк беру қажет. Біз Алаштың айбыны мен айдынын, бай тарихын көрсететін дүниелерге қол жеткізген кезде ғана аталмыш орталықты шетелдік қонақтарға қызықты ете аламыз.

Сөз басында айтып өткен шетелдік достарыма Астана, Алматы, Бурабайда жүрген бірнеше аптадан гөрі, Қызылордада ашық далада, қазақы киіз үйде өткізген бір күн әсерлі болды. Сол себепті өз басым Бурабайды шетелдік туристер үшін тартымды аймаққа айналдыра алдық деп айтуға әлі ерте деп ойлаймын.

Түйін
Расында, елімізде туризм саласы – жақсы дамып кете алмай тұрған саланың бірі. Бір тәулік ішінде ондаған мың демалушыны қабылдауға мүмкіндігі бар Бурабай демалыс орнының әлеуеті туралы мамандардың пікірі де әркелкі. Қалай болған күнде де шетелдіктерді қазақтың ұлттық ұғымдарын, салт-дәстүрлерін, халықтық музыкасын, ұлттық спорт түрлерін, бай тарихын насихаттап, бабалар жолын ұлықтаған туризм ғана тәнті ете алатыны сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста