Ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестіру уақыты пісіп-жетілді ме?

Ауған соғысы табаны күректей 10 жылға созылса да, қантөгістің себебін, соғыстағы қазақ жігіттерінің ерліктерін қазіргі жас ұрпақ жете біле бермейді. Қазіргі деректерге сүйенсек, ауған жеріне аттанған 22 мыңнан аса сарбаздың Қазақстанда 18 мыңға жуығы қалған екен. Олар қазір ортақ мақсатқа негізделген мүдделі топқа айналып отыр. Қоғам алдына шығып, ауық-ауық «Ауған соғысына қатысқандардың ерліктері ұмыт қалмай, есімдері ел есінде қалсын десек, оларға лайықты мәртебе беруіміз керек» деген уәждерін айтып жүр. Осы ретте «Ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестіру қажет пе?» деген сауалымызды ғалымдарға қойдық.

Бақытжан Оразалиев, Ауған соғысының ардагері, ғалым:

 Иә
– Ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен теңестіру қажет. Бүгінгі күні бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Ауған соғысына қатысушылардың ерліктерін дәріптеп, ұрпаққа тәрбие беру мәселесі де, кемшін түсіп жатқан жайттар да көптеп кездеседі. Отаны үшін жан қиюға даяр адамдарды құрметтемесек, қалай біз жас жеткіншектерге елін, жерін сүюді үйретеміз? Жалпы, «ардагер» деген сөздің мағынасын ашып алсақ. Менің түсінігімде, ардагер деген кез келген салада мемлекет үшін жанын қия алатын адам болу керек. Бұл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық аттандырылды. 

Олардың барлығы бір кісідей мемлекеттің тапсырмасы жолында ерлік көрсетіп қайтты. Яғни «ардагер» деген атқа әбден лайықты. Бірақ Ауған соғысы ардагерлерінің қазіргі әлеуметтік жағдайы көңіл көншітпейді. Былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Ауған соғысына қатысқан азаматтардың табысы 600 мыңнан асса, салық салынатыны туралы шешім қабылданды. Оны мен сияқты оқытушылар алты айдан аса уақытта алады екен. Кезінде 22 мыңнан аса жауынгер аттанса, содан қазір Қазақстанда 18 мыңдайы ғана қалды. Одан да аз болуы мүмкін, оған титтей де болсын күмәнім жоқ. Ал сол 18 мыңның дені сау, жұмысқа жарамдысы 7-8 мыңның шамасында ғана. Қалғанының бәрі – мүгедектер, яғни өзін-өзі асырауға мүмкіндігі жоқтар.

Енді сол бауыры бүтін, басы амандардың тапқан табыстарына салық салғанда, біздің мемлекеттің бюджетінің бүйірі шықпасы анық. Алматылық ардагерлерге былтырдан бастап мемлекет тарапынан коммуналдық қызметке деп екі мың теңгеден беріле бастады. Қазір оны көп жігіттер ала алмай жүр. Себебі тиісті бір ғана жәрдемақыны алу үшін көптеген құжат толтырып, табандарынан тозады. Бюрократиялық кедергілер көп. Ал кезектен тыс бұл құжаттарды рәсімдей алмаймыз.

Сол қағаздармен жүргенде байқағаным, құжатты рәсімдейтін орындарда отырғандар: «Біз Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ғана кезексіз қызмет көрсетеміз», – дейді. Бұл дегеніңіз – бізді әлі күнге дейін соғыс ардагері деп танымайтындығын білдіреді. Мәселе  бізге салық салып, бізді кезексіз өткізуде емес, бізге, Ауған соғысының ардагерлеріне деген дұрыс көзқарас қалыптаспай отыруында деп түсінемін. Сондықтан ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірудің уақыты пісіп-жетілді деп ойлаймын.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Жоқ
– Екі соғыста да тоталитарлық КСРО-ның құрамында соғыстық. Екеуінің айырмашылығы сонда – Ұлы Отан соғысында қазақтар сыртқы күштен, фашизм идеологиясынан, КСРО құрамында болса да, өз жерлерін, Отанын қорғауға қатысты. Ал Ауған соғысы қызыл империяның коммунизм идеологиясының шекарасын кеңейту үшін ықпал ету аймағын ұлғайту мақсатында жүргізілді. Ұлы Отан соғысын кейінгі кезде Ресей өзіне жекешелендіріп алғандай көрінеді. Әлемге пиар – акция сияқты көрсетеді.

«Ауған соғысына қатысушылардың мәртебесін Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестіру қажет емес» деп ойлаймын. 

 Себебі қазіргі Қазақстан үшін екі соғыстың ардагерлерінің мәртебесі онсыз да бірдей. Ауған соғысының ардагерлері «біздің халіміз мүшкіл» деген ұранды ту қылып ұстап алған. Қоғамда жиі көтерілетін мәселенің бірі. Дегенмен мемлекет белгілі бір дәрежеде оларды қамқорлыққа алып отыр ғой. Оларды ешкім бөле-жара қарап отырған жоқ. Тіпті Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың рухына арнап ескерткіш орнатылмаса да, «ауғандықтарға» республикамыздың түкпір-түкпірінде салтанатты ескерткіштер бой көтерді. Қазір Ауған соғысы ардагерлерінің табыс салықтарына жеңілдіктер қарастырылған. Коммуналдық төлемдер үшін де қосымша төлемақылар тұрақты түрде беріліп отырады.

Тағы бір мәселе, Ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектер лайықты болуы үшін ардагерлердің өздері де лайықты болу керек қой. Олар осыған лайықты ма? Менің ойымша, олар лайық емес. Олардың психологиясы әлі де болсын тәуелсіз емес. Ауған соғысы ардагерлерінің басым көпшілігінің бойында тіпті 20 жыл өтсе де интернационалистік пиғыл басым. Біз – Тәуелсіз мемлекетпіз. Яғни біз мүдделерімізге сәйкес бүгін Ресеймен тығыз қарым-қатынаста болсақ, ертең басқа бір мемлекетпен стратегиялық әріптес болуымыз әбден мүмкін. Ал біздегі Ауған соғысы ардагерлері күні бүгінге дейін Ресейге жаутаңдап тұрады.

Түйін
Қоғамда пікір қайшылығының болуы – заңдылық. Десе де, Ауған соғысына қатысқандар да Ұлы Отан соғысының ардагерлері сияқты империялық саясаттың құрбаны болды. Соғыстың аты – соғыс. Қан кешіп, жанкештілікті бастан өткеріп келген азаматтарды, жауынгерлердің еңбегін бағалау қоғамның, мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болуы шарт. Бұл – келешек ұрпақтың отаншылдық сезімін қалыптастыратын ерлік шежіресі. Сондықтан ұрпақ алдында соғыс ардагерлеріне бірдей құрмет көрсетілгені абзал деп түйеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста