Атом энергиясын пайдаланбай-ақ, Қазақстанда электр энергиясы тапшылығын жою мүмкін бе?

Атом энергиясын пайдаланбай-ақ, Қазақстанда электр энергиясы тапшылығын жою мүмкін бе?

Таяуда Астанада VI-Еуразиялық «ҚазЭнерджи» форумы болып өтті. Оған әртүрлі елдердің мемлекеттік органдарының және ірі халықаралық энергетикалық корпорациялардың басшылары, сондай-ақ энергетика саласының әлемге танымал сарапшылары қатысып, өз ойларымен бөлісті. Аталмыш форумға қатысқан шетелдік мамандардың басым көбі «электр энергиясы тапшылығын жою үшін атом энергиясын пайдалану керек» деген қорытындыға келді.  Біздің де кей мамандар «атом энергиясын пайдаланбайынша, Қазақстанда  да электр энергиясы тапшылығын жою мүмкін емес» дейді. Алайда бұған қарсы пікір айтушылар да көп. Сонымен, екі тарап пікірін ортаға салайық. 


Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
Иә

– Мен атом энергиясын пайдалануға үзілді-кесілді қарсымын. Ол бізге тіптен керек емес. Мәселен, 1986 жылы Чернобыль атом электр стансысында апат болды. Қаншама адам қырғынға ұшырады. Осыдан кейін әлемдегі 60 атом электр стансысын салу жөніндегі жобалар тоқтатылды. Себебі оның арты үлкен шығынға ұшырататынын дүниежүзі ғалымдары түсінді. Бұдан кейін Жапониядағы АЭС апатқа ұшырағанда тағы да атом электр  стансысының тиімсіз екендігіне көпшілік көз жеткізді. Енді атом энергиясын пайдалану арқылы ең көп электр қуатын алатын АҚШ-тың өзі мұны қолдамай отыр. Олар бақандай 35 жылдан бері бірде-бір атом электр  стансысын салған жоқ. Олар 1997 жылға дейінгі салынып қойған АЭС-терді пайдаланып отыр. Тіпті уран қоры ең көп Австралия да, басқа Германия, Швеция, Бельгия мемлекеттері де атом энергиясы төңірегінде заң қабылдап, оны пайдалануға тыйым салды.
Одан басқа Еуропаның көптеген елдері АЭС салу төңірегіндегі жобаларды қарауды 2020 жылға дейін тоқтатып отыр. Осыны көріп тұрып, Қазақстанға АЭС салу тиімді деп қалай айтамыз? Қазақстанда электр қуатын алатын басқа балама жолдар өте көп. Енді біз қазір энергияның басым көбін мұнай мен газдан алып отырмыз. Біздің одан бөлек мәңгілікке жететін, шығыны аз, экономикалық-экологиялық жағынан тиімді, әрі қауіпсіз қуат көзін алуға болатын жер байлығымыз жетеді. Оның ең біріншісі, жер астынан шығатын ыстық будан электр тогын өндіретін  стансы салуымыз қажет. Оның қоры біздегі мұнай мен газдың қорынан он есе асып түседі. Біз оны тек 3 мың метрге дейін ғана ұңғыма қазып анықтадық. Ал 5 мың метрге дейін қазсақ, оның қоры бірнеше есеге дейін өсуі ғажап емес. Оны іске асыру үшін көп шығын кетпейді. Одан бөлек, жел энергиясы бар. Бүгінгі таңда Еуропа, Қытай, АҚШ-та жел күшінен электр энергиясын алу техноло­гиясы ескірген. Онымен қоса, олардың техникасы желдің соғу жылдамдығы секундына 4 метр мен 15 метрдің айнала­сында ғана істейді. Егер желдің соғу жыл­дамдығы секундына 4 метрден төмен болса, онда ол техника істен шығады да, электр энергиясын ала алмайды. Сол секілді, желдің соғуы секундына 15 метрден асып кетсе, техника бұзылады. Ал біз құбырлардың ішінде пайда болатын жел қуатын жасауымыз қажет. Сонда ол желдің соғу жылдамдығы 4 немесе 15 метрден кейін тоқтап қалмай, желдің жылдамдығы секундына 200-300 болса да істен шықпай тұрады. Осылайша, жасанды жел қуатымен де үлкен электр қуатын алуға болады. Тек соларды тиімді игере білуіміз қажет.


Насурлла БӨРТЕБАЕВ, ҚР Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары:
Жоқ

– Қазір біз үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасын қолға алып отырмыз. Бұл ретте көптеген өндіріс орны ашылады. Енді оның барлығын іске асыру үшін қажетті деңгейде энергия көздері қажет. Қазір біз энергияны мұнай мен көмірден алғанымызбен, ол 50-100 жылда таусылады. Одан кейін не істейміз? Осыны толықтыру үшін басқа балама энергия көзін табуымыз керек емес пе?! Әрине, қазір энергияны күннен де, желден де алуға болады деген түрлі әңгімелер шығып жатыр. Оған мен қарсы емеспін. Бірақ олардың үлесі жалпы бізге қажетті энергияның 10-15 пайызын ғана бере алады. Ал қалған 85-90 пайыз энергияны біз қайдан аламыз? Болашақтағы электр энергиясының бірден-бір көзі – ол атом энергиясы. Одан басқа тиімді жобаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Елімізге тұрақты, жеткілікті қуат көзін тек атом энергиясы ғана бере алады.
Бәлкім, алдағы 40-50 жылда ғылым дамып, атом энергиясынан да тиімді қуат көзін алудың жолдарын табатын шығар. Алайда әзірге бізге ең тиімді болып отыр­ғаны – атом энергиясын пайдалану. Одан басқа жол жоқ. Әлбетте, атом энергиясын пайдалануда түрлі техникалық мәселелер туындап жатыр. Кейбір елдердегі АЭС-терде кездейсоқ апат болып, қайғылы жағдайға душар болуда. Бірақ оның барлығы техникалық мәселелерден туын­дауда. Бұл жерде тек қауіпсіздік шараларын барынша қолдануымыз керек. АЭС-тің тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Кез кел­ген жобаны іске асырғанда оның ең бірінші тиімділігі есептелінеді. Мұнай мен көмірдің шығарған энергиясының құны атом энер­гия­­сымен бірдей, шамалас. Ал күн мен желден қуат көзін пайдаланатын болсақ, оның бағасы екі-үш есе қымбатқа түседі. Әрине, күн энергиясы бізге тегін келге­німен, күннен электр қуатын алатын техни­калар өте қымбатқа түседі. Мәселен, күн энергиясынан электр қуатын алуға болаты­нын ойлап тапқан Жапония осы бағытта та­лай жетістіктерге жетті. Бірақ неге олар осыны одан әрі қарай дамытпай отыр? Себебі күн энергиясынан электр қуатын алу өте қымбатқа түсетіндіктен, экономи­калық тиімсіздіктен осыған барып отыр. Олар­дың халқы күннен қуат алатын техни­каны сатып алмайды. Экономикалық жа­ғынан тиімді болғандықтан, олар АЭС-ті пай­далануда. Күннен энергия алу тиімді болатын болса, бүкіл әлем соған көшпей ме? Сондықтан ең тиімдісі – АЭС салу, осы­ны қолға алмайынша, елімізде электр энер­­­гиясына тапшылықты жоя алмай­мыз.

Бейтарап пікір
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ,
техника ғылымының докторы, профессор:
–Біз электр энергиясын күннен, желден, атом энергиясынан, басқа да қандай да бір балама көздерден алғанымызбен, ең бірінші оның қауіпсіздігін ескеруіміз қажет. Сондықтан әрбір жобаны іске асырғанда оның технологиясын тиімді етіп, техникалық қауіпсіздігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Ерте ме, кеш пе, бізге бәрібір электр энергиясының балама көзін табуымыз тиіс. Бірақ қауіпсіздік шарасын қатаң бақылауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста