Астана халқының санын шектеу керек пе?

Астана халқының санын шектеу керек пе?

Басқа-басқа, елорданың мәртебесі ерекше. Сондықтан әлемнің кез келген мемлекеті бас қаласын дамыту мен көркейтудің өзіндік тұжырымдамасын жасайды. Онда өндіріс ошақтарын орталыққа жуытпау, көбіне жас кадрларды тартып, құрылыс көлемін шектеу секілді шаралар белгіленген. Әсіресе елорданы дамыту құжатында көбіне тұрғындар санын шектеу тетігі негізге алынады. Ондағы мақсат – қаланың табиғи сыйымдылығын сақтау, жаңа қаланың келбетін бұзбау, экологиялық ережеге сай болу. Осы жағынан алғанда, «біздің мемлекетіміз де Астана халқының санын шектеу идеясын ұстанғаны дұрыс па?» деген сауал туындайды.


Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
иә
– Кез келген қаланың табиғи заң­дылығына сәйкес, тұрғындарына қатысты белгіленген бір шегі болуы керек. Қандай да бір мөлшер бел­гі­лен­бей, сырттан мұнда ағылған адам­­дардың саны тым көп болып жатса, жергілікті муниципалдық ме­ке­­менің шығыны еселеп артып, қа­ланың эколо­гия­лық, әлеуметтік ахуа­лы қиындай түседі. Бәрінен бұ­рын бұл сол мем­ле­кеттің ішкі гео­эко­­но­микалық, геосаяси және көші-қон саясатына кері әсер ете бас­тай­ды.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан же­рінің аумағы бойынша әлемде 9-орын­ға ие. Шағын қалалар, аудан мен ауылдар арасын мейлінше жа­қын­­­датып, осы кең-байтақ жерімізді игеру – мемлекеттің басты міндеті.   
Әйтпесе бос жатқан жерге сырттан қы­зығып қараушылар қатары көбейгеннің үс­тіне көбейе түседі. Қазір Қытай, Үндістан жер телімі тапшылығына тап болып отыр. Бұл мемлекеттердің халқы ел ішіне сыймай ар­тылып жатыр. Бұл – бір.
Екіншіден, Үдемелі индустриалық-ин­­новациялық даму бағдарламасы бойын­­ша еліміздің әр өңірінде өндіріс ошақ­тары бой көтерді. Сол өндіріске бүтін бір қала мен ауыл-аймақты жұмылдыру да өзектілік танытуда. Осыған байланысты бізде моно­қа­лашықтарды дамыту бағ­дар­ла­масы қабылданды. Сондықтан Астанаға бө­лінетін қаржыны шектеп, оны осы атал­ған бағытқа бұру қажет секілді.
Үшіншіден, дамуға аяқ басқан мем­ле­ке­тіміз үшін өндірісті аймақтарды жан­­­дан­ды­ру маңызды. Ал өндіріс ошақ­тары елор­дадан қашық ор­на­ласқан. Сон­дық­тан Астана қала­сы бұл бағытқа қо­сым­ша қаржы­ландыруды қажет етпейді. Төр­тін­ші­ден, қазір тізімде тұрған қала тұрғындарын баспанамен қам­та­ма­сыз етіп болған соң құрылыс ны­сан­дарын жүргізудегі қар­қын­ды баяу­лату қажет сияқты. Елбасымыздың өзі бірнеше жыл бұрын «біз Астанаға қажетті негізгі нысан­дар­ды салып болдық» деп мәлім­­де­ген еді. Сол кезде елор­даның бас жоспарына сәйкес, қа­ланың табиғи сыйым­­ды­лығы бойынша 1 миллион халық жеткілікті деген сөз­дер де айтылды. Ал қазір кейбір мамандар бұл цифр­ды 1,5 мил­лион­ға жуық­татып жүр. Ме­нің­ше, Аста­на қаласы тұр­ғын­дарының бел­гіленген қалыпты шегі 1 миллион, ал ең жоғарғы шегі 1,5 мил­лион болуы ке­рек секілді.
Жалпы, әзірден Үкіметтің Астанадағы урбанизация үдерісін реттейтін тетігі болуы керек. Бұл – болашақта қала қатты қар­қын­мен дамып, мемлекеттің бақылау уысынан шы­ғып кетпеуі үшін аса қажет шара.


Алғатбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, Бағалау және құрылыс академиясының ректоры:
жоқ
– Біздің елорданың халқын шек­теудің қажеті жоқ. Керісінше ол ара­дағы тұрғылықты халықты ұстап тұру үшін қаланы дамыта түсу керек. Халық көп болса ғана еңбек ресурстары артып, ондағы қызмет түрлері жан­данады. Мұндай жағдайда жергілікті халық мекенін тастап кетпеуге ынталы болады. Әрине, елордаға өндірістен гөрі, шағын және орта кәсіпкерліктің дамығаны ауадай қажет. Хал­қы­мыздың санын көп деп айта алмай­мыз. Оның ішінде қолынан іс келетінін, шебері мен ісмерін, әсіресе кәсіпке ебі бар жандарды ұдайы Астанаға тартып отыруымыз тиіс. Сонда қала халқының өсу динамикасы сол мекен­нің даму қарқынына сәйкес келіп оты­ра­ды.
Ал белгіленген бір шекті игердік делік, одан кейін бас қалаға сырттан адамдар тартылмаса біршама уақыттан кейін мұнда қартаю үдерісі басталып кетпей ме? Жаңа мамандар тар­тыл­маған­дық­тан, қандай да бір сек­тор­ларда то­қы­рау құбылысы байқала бас­та­май ма? Яки қала тұр­ғын­да­ры­ның санын шек­тей­міз деп, біз одан да үлкен проб­ле­ма­ны өзді­гі­нен тудырып алуы­мыз ық­ти­мал. Еңбек ресурс­та­рының шектелуі қаланың да­муына мін­детті түрде кері әсерін тигізеді.
Астанадан халық асып-артылып кетеді дегенге онша сенбеймін. Өйткені, мәсе­лен, салыстырмалы түрде Алма­тыға қарағанда Аста­на Сары­арқаның жазық тө­сін­де орналасқан. Аумағы да ұлан-асыр. Ал Алматы – тау­лар­дың ор­та­сында қазандықта тұрған шектеулі қала. Сон­дықтан халқы артып жатса мұнда Ал­ма­ты­дағыдай кереғар жағ­дай орын алады (көшелердің тарылуы, ағаш­тардың көптеп оталуы, тұрғын үй ке­шен­дері алдындағы балалар ойын алаң­да­ры­ның күрт қысқаруы және т.б.) деп қауіп­те­нудің қажеті жоқ. Өйт­кені байтақ жазықта са­лынған қаланың көшесі де даладай бо­ла­ды.
Қазақстанда облысты тағы бірімен қосу жа­ғынан тәжірибесі бары белгілі. Сон­дық­тан астаналықтар елордаға сыймай бара жатса, онда арғы жағынан Орталық бол­маса Солтүстік Қазақстан облысының бір қаласын Астанаға қосып алуға болады. Бірақ ондайды талап ететін жағдай бізде орын ала қой­май­тын секілді.

ТҮЙІН
Әлемдегі көшбастаушы қалалар жөніндегі ғылыми-зерт­теу жұ­мыс­та­рын­дағы деректерге сүйенсек, қалай болғанда да ел астанасында халық саны міндетті түрде өсу үстінде болады. Өйткені саяси элита орналасқан қалада іскерлік белсенділік те арта түседі. Бизнесті жүргізуге қажетті рұқ­сат қағаздарды орталықтан ғана алуға болатындықтан, іскерлік компаниялар мұнда өздерінің бас офисін ор­наластыруға тырысады. Тағы бір жағынан, бас қала болған соң ел аймағының ішінде осы қала­ға бюджеттен бөлінетін қаржы көп болады. Инфрақұрылымдар көптеп салынып, жаңа жұмысшы орындарына да үнемі вакансия бо­ла­ды. Сон­дықтан халықаралық тәжірибеде астана, сол секілді ірі қала­­лар­дағы халық санын шектеудің теориясы мен теңдеуі ұсынылған. Бүгін емес, бірақ күндердің күнінде қазақтың са­ны артып, бас қалаға ағылған білім­ділеріміз бен білік­ті­ле­ріміз көбейіп жатса, мұндай идеяны ұстанудан біз де тар­тына алмай қалатын шығармыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста