ӘСКЕРДЕ СУИЦИДКЕ ОРЫН ЖОҚ

ӘСКЕРДЕ СУИЦИДКЕ ОРЫН ЖОҚ

2018 жылы ақпанның 19-28 күндері аралығында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жеке және отбасылық шиеленістерді ескерту, өзі-өзіне қол жұмсау көріністерінің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді.


Жалпы қазіргі қоғамымызда күннен-күнге тамырын тереңге жайып бара жастар мен жасөспірімдер арасындағы өзі-өзіне қол жұмсау көріністері, жаңа отау құрған жастардың арасындағы отбасы құндылықтарының жоғалып бара жатқаны қатты алаңдатады.
Осыған орай, институт басшылығы және психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бастығы подполковник Сандуғаш Дауренбекова тұрақты және ауыспалы құрам арасында онкүндік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді.
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, психология ғылымдарының кандидаты, «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек мырзамен институттың әскери қызметшілерімен кездесу өтті.

Мұхамеджан мырза қазіргі заманда күнделікті өмірде ата-анасына, бауырлары мен достарына, туыстарына деген мейірімнің кетіп бара жатқаны туралы келелі ой салар әңгіме қозғады.
Сонымен бірге, әрбір азаматтың түйсігіне, кезкелген шаруаның алға басып, жұмысының жемісті болуы тек ата-анасының ризашылығы және ақ батасымен ғана көгеріп, көктейтінін жеткізе білді.
Соңғы кездері отбасындағы ажырасу, жан-жалдардың орын алуы жиіленіп бара жатқаны туралы әңгіме қозғай отырып, оның басты себептері, отбасындағы құндылықтың жоғалып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті сезінбеуі, бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынастың жоқтығынан деп басып айтты.
Кездесудің соңында Мұхамеджан мырза әскери қызметшілерге «Осында отырған әрбір ер азамат Отаны үшін тер төгіп, абыройлы, намысы кеудесінде жаным тұрған тұлғасыздар. Сол себепті қандай қиыншылық болса да, ешқашан отбасыңызды тастап кетпей, бала-шағаңыздың алдынды нағыз сұлтан болыңыздар!» деп әңгімесін тәмамдады.
Осы кездесуден алған әсерлерімен көптеген әскери қызметшілер көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарына жауап тапқандай сезімде, ал кейбіреулері ата-анасы мен бауырларына деген көзқарастарының өзгергендері жайлы айтып жатты. Әңгіме барысында айтқаны, бүгіннен қалдырмай ата-анаңның қалін біліп қоңырау шал, анаң үшін бұдан артық қуаныштың жоқтығын айта келе бір ой салар мысалды келтіре кетті.

Бірде дейді, екі таныс кездесіп қалып бірі-біріне сен маған мың сом бер мен саған мың сом берейін депті. Сонда екіншісі, онда не болады сенде мың сом менде мың сом өзгерген ешнарсе жоқ қой, онанда мен саған бір ақыл берейін сен маған бір ақыл бер депті, нәтижесінде сенде екі ақыл менде екі ақыл болады деген екен. Бүгінгі таңда уақыт тауып пайдалы кеңес беріп жүрген қоғам қайраткерлері кемде-кем. Мұхамеджан ағамыздың әскери институтқа келіп, тыңдаушыларын жігерлендіріп, санаға ой салар әңгіме қозғағаны үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Отан отбасыдан басталады. Ағайын туған бауырға, асырап баққан ата-анаға, бесігіңнен шыққан ұл-қызыңа қайырымды да мейірімді бол ағайын.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының
баспасөз қызметінің бастығы майор Ербол Алибаев
Суретті түсірген автор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста