Әлеуметтік желілер қоғамдық тұрақсыздықты туғызудың факторына айналып отырған жоқ па?

Әлеуметтік желілер қоғамдық тұрақсыздықты туғызудың факторына айналып отырған жоқ па?

Айтары жоқ, жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық механизмдердің жер жүзіндегі рөлі мен ықпалы күшейіп келеді. Экономикалық, саяси және әлеуметтік ахуалы әртүрлі елдердегі түбегейлі өзгерістерге ақпараттық жаңа технологиялардың әсер ете бастағаны айқын. Сондықтан қай елде болсын, тұрғындардың әлеу­меттік желілер мен блогтарды пайдалануынан ішкі саяси ахуалға қайсыбір топтардың мақсатты түрде әсер ету мүмкіндігі қайтсе де туындайды. Бұған мысал да жеткілікті. Еске түсірсек, тамызда Лондонда және өзге де ірі қалаларда болып өткен бас көтерулер көше бұзақыларының әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жоспарлаған шарасы болып шықты. Сондай-ақ Мысырдағы тәртіпсіздіктердің «твиттерлік революция» деген атауды иеленгені де белгілі. Мысырдағы төңкеріс кезінде блоггерлердің белсенділігі арқасында Twitter и Facebook «дүрілдеп» тұрды. Кейін белгілі болғандай, көтерілісшілердің іс-қимылы ғаламтор арқылы басқарылған. Алысқа бармай-ақ, кешегі Жаңаөзендегі оқиғаның мән-жайы да ең әуелі осы әлеуметтік желілер арқылы тарады. Әсіресе алғашқы күндері ғаламторда алыпқашпа әңгіме көбейді. Мұндай құбылыстың қауіпті екенін жоққа шығару қиын. Сондықтан біз жоғарыдағы сауалды сарапшы талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

Аршат Оразов, сайт жасаушы, блоггер:
Иә

 – Шынында да, ел ішінде қандай да бір оқиға басталған кезде жұрттың бәрі бүкіл ақпаратты осы әлеуметтік желілерден алады. Өйткені әлеуметтік желі бүкіл әлемді бір-бірімен жал­ғастыратын үлкен көпір іспетті. Бұл – бір-бірімен пікір алмасу құралы. Бір жағынан адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың қоғам дамуына әсерін жоққа шығаруға болмайды. Әлбетте, қазіргі қым-қуыт заманда жұмысбасты адамдар үшін ғаламтор арқылы сұхбаттасу ың­ғайлы, уақыт үнемдейді. Алайда әлеуметтік желілердің жағымды әсе­ріне қоса, зиянды жағын да ұмыт­паған дұрыс. Бұрын үгіт-насихат үн­парақ (листовка) тарату арқылы жүргізілетін. Бүгін оның оңай жолы бар.  
Кешегі Жаңаөзен оқиғасы осыны тағы бір дәлелдеп берді. Біріншіден, әлеуметтік желідегі ақпараттың барлығы шынайы бола бермейтіні белгілі. Екіншіден, ақпарат жылдам әрі көп адамға тарап кетеді. Ал ереуіл ұйымдастырушылар әлеуметтік желіні жақсы пайдаланады. Сондықтан, меніңше, ел тыныштығына қауіп төнген төтенше жағдай кезінде әлеу­меттік желілерді жауып тастаған дұрыс. 16 желтоқсанда күні бойы желіде отырдым. Сондағы байқағаным, қаншама жалған ақпарат тарады. Оның дұрысы қайсы, бұрысы қайсы – оны білу мүмкін емес.
Өйткені таралып жатқан ақпаратқа қатаң бақылау орнату – қиынның қиыны. Әйтпесе, азғантай уақыт ішінде қаншама дезинформация тарап кетті!
Таратылған ақпарат дұрыс па, жоқ па – оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Осындай жағдайды қоғамдағы теріс пиғылды топтар пайдаланып кету қаупі күшті.
Араб елдеріндегі бас көтерулерге осы әлеуметтік желілердің ықпалы болғаны белгілі. Төңкеріс жасаған елдердің қандай күйге түскенін, қазіргі мүшкіл жағдайын көріп отырмыз. Сондықтан былайғы кезде адамдардың арасындағы қатынас құралы болғанымен, әлгіндей төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік желінің залалы еселе­не түсері анық.
Әрине, қазіргі заманда интернетсіз өмір сүру мүмкін де емес. Сондықтан әлеуметтік желілерге бақылау күшейтіліп, ел бірлігіне қауіп төнген кезде жауып тастаған дұрыс.

Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
Жоқ

– Меніңше, әлеуметтік желілерді шектеу қиын. Араб елдерінде болған төңкерістерге «твиттерлік төңкеріс» деп баға берілгенін білеміз. Күні кеше Сауд Арабиясы королінің жиені Тwitter микроблогының қызметіне 300 млн доллар инвестиция құйғаны жөнінде ақпарат шықты. Бұл тегін емес.
Қазіргі технология қарқынды дамы­ған заманда ғаламтордағы желі­лерді шектеу қиын. Сондықтан ел ішінде күрделі әлеуметтік ахуал қа­лып­тасқан кезде, ең алдымен, жұрт­қа шынайы ақпарат қажет. Мұндай жағ­дайда мемлекет объек­тивті ақпаратты неғұрлым көбірек таратуға талпынуы тиіс. Мәселен, Жаңаөзен оқиғасы кезінде ұялы байланыс нашарлап, интернет сайттарында, түрлі блогтарда алып-қашпа әңгімелер айтылды.
Рас, прокуратура тарапынан ресми хабарлама жасалды. Дегенмен жалпы халықты толық қанағаттандыратын ақпа­рат болған жоқ. Әркім ойына не келсе, соны түрлендіріп беріп отырды.
Әрине, өмір болғаннан кейін әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан ол жайындағы объективті, қолжетімді мағ­лұмат таратылса, одан ешкім де ұтыл­майды. Әрі ол тек интернет арқылы ғана емес, радио, телевизия, баспасөз арқылы да шұғыл берілуі қажет.
Ал негізінде әлеуметтік желілер қоғамдық тұрақсыздықты тудырады деп кесіп айтуға болмайды. Оған байланысты емес. Рас, әсер етуі мүмкін. Өзге де шие­леністерді тудыру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Жаңаөзенге алаңдап, Алматыдағы студенттердің Жазушылар үйінде бас қосуы, Ақтауда шерудің өткізілуі, Шетпедегі оқиғалар – осының бәрі айқын да объективті ақпараттың болмауынан. Мүмкіндігінше шұғыл, нақты мәліметтер оқиға орнынан берілуі керек. Себебі қоғамда әртүрлі наразы, депрессивті топтар болады. Міне, нені де болса лап еткізетін қоздырғыш күштер  – солар. Бірақ ақпараттық технологиялары дамыған ХХІ ғасырда әлеуметтік желілерге шектеу қою мүмкін емес. Сондықтан заман талабына сай, былайша айтқанда, алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін нақты қадамдар қолға алынуы қажет.

Түйін
Әлеуметтік желілерді бақылауға алу қажеттігі биылғы жылдың ақпан айында Мәжілістің отырысында сөз етілген-тұғын. Сол кезде біраз депутат одан келетін қауіптің орасан екендігін ескертіп, әйгілі сайттарды айрықша қадағалау жөнінде құзырлы орындарға ұсыныс білдірді. Тіпті сарапшылар комиссиясын құру қажеттігі де айтылды. Оған шенеуніктер, бейресми ұйымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, елге сыйлы азаматтар еніп, түрлі форум, блогтарда кімнің не жазып, не қойғанын талдап, мониторинг жасау қажет делінді. Комиссия сарапшылары қорытынды шығарғаннан кейін интернет-ресурстарға белгілі бір санкциялар қолданылуы қажет дескен экс-депутаттар.
Айтпақшы, өткенде ғана әйгілі сайттың авторы Марк Цукерберг Пало «бақылаудан шығып кетті, ал компанияны басқарудан келген күйзеліс менің өмірімді талқандады, мен бұған тоқтау салуға тиіспін» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Facebook келесі жылғы наурызда жабылып тынбақшы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста