Аймақтық ерекшеліктерге қарай арнайы экологиялық бағдарламалар жасаудың қажеттілігі бар ма?

Қазіргі таңда еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу үшін жалпы экологиялық бағдарламалар аясында жұмыстар жасалынып жатыр. Алайда еліміздегі қордаланған мәселелер шешілер емес. Осы орайда кейбір мамандар қоршаған ортаның ластануына қатысты нақты мәселелерді аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы экологиялық бағдарламалар жасау арқылы шешу туралы ұсыныс айтуда. Әр аймақтың өзіндік экологиялық мәселесіне қарай арнайы бағдарлама жасау тиімді болар ма еді? Тақырыпқа қатысты мамандар пікірін сұрастырып көрген едік...

Жақыпбай ДОСТАЙҰЛЫ, география ғылымының докторы, профессор, «География және геоэкология мәселелері» журналы бас редакторының орынбасары:
Иә

– Бұл – біз үшін өте қажетті нәр­се. Өйткені еліміздің қайсыбір ай­ма­ғы болмасын, экологиялық ахуа­лы ушығып тұр. Осы орайда әр ай­­мағымыздың ерекшеліктерін еске­ре отырып, арнайы экология­лық бағ­­дарлама жасау арқылы жұ­мыс істеу­дің маңызы зор. Өз ба­сым бұл ұсынысты қолдар едім. Қа­зіргі таңда әр аймағымыздағы эко­­логиялық мәсе­лесі әртүрлі.
Мәселен, Ақтау Атырау өңірінде мұ­­най-газ бен Каспий теңізінің эко­ло­гиясы, Орталық Қазақстанда қа­ра металлургия, Шығыс Қазақстан­да түсті металл өндіру кезінде ауа­ның ластануы мен улы қалдықтар­дың табиғатқа зардабы, Оңтүстік Қа­зақстанда Байқо­ңыр мен Аралды айтпағанда уранның зия­нының өзі орасан.
Бұлардың әрқайсысының экологиялық ауыртпалығы өте зор. Егер біз ай­мақ­тардың осындай экологиялық ерек­ше­ліктерін ескере отырып, арнайы бағдар­лама жасау арқылы мәселені шешуге ұмтылар болсақ, көп нәрседен ұтар едік. Арнайы бағдарлама арқылы әр аймақтың эко­логиясын жете зерттеуге, экологиялық мәселесіне сай қаржы бөлуге ұмтылуға, жергілікті жерден неғұрлым оңтайлы түрде мәселені шешуге болар еді. Әйтпесе, бүгінгі күні жалпылама қаржы бөліп, жалпылама жұмыс жасау арқылы істелінген жұмыстың ешқандай нәтижесі көрінбейді.
Айта кетер жайт, тек сол аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстарды тиісті орындар қатаң бақылауға алып, оған мемлекеттік қадағалау болса, дұрыс болар еді. Әйтпесе әр аймақтың не істеп жатқаны белгісіз күйінде қалып, экологиялық мәселені шешуге бөлінген қаржы талан-тараж­ға түсіп кетуі әбден мүмкін.

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Менің Қазақстаным» экологиялық партиясы төрағасының орынбасары:
Жоқ

– Рас, қазіргі таңда еліміздің қай өңі­рінің болмасын эко­ло­гиялық жағ­дайы өте на­шар. Алайда бұл ұсыныс мә­­­селені шешудің тиімді ж­олы деп айта ал­маймын. Ай­­мақтық ерекшеліктерін ес­­­кере отырып арнайы эколо­гия­лық бағдарламалар жасау арқылы біз мәселені тиімді шеше алмаймыз. Негізі, ел­дің экологиялық жағдайы – мем­ле­­кеттік деңгейде шешілетін мә­селе. Сон­дықтан экологиялық мәселелердің бір орталықтан басқарылып, мәселе­лер­дің де сол бір орталықтан шешіліп отыр­ғаны дұрыс болар еді. Осы орай­да мемлекеттік деңгейдегі ар­найы эко­ло­гиялық қор құрып, бір орта­лықтан бас­қару арқылы ғана экологиялық мә­се­­лелерді тиімді шешуге болады дей аламын.
Себебі аймақтық ерекшеліктерге қарай, арнайы экологиялық бағдарламалар жасалынатын болса, ол мәселелерді ше­шуге қаржы да соған сай бөлініп, ол ай­мақ­тарға таратылады. Мұның соңы ақ­шаның бақылаусыз, талан-таражға түсіп, құм­ға сіңген судай жоқ болып кетуіне алып келуі де мүмкін. Сондықтан аймақтық бас­қарылған нәрседен күтер үмітім аз.
Еліміздегі Арал өңірінің, Балқаш көлі­нің, тіпті ауасы еліміздегі ең лас қала са­на­лып отырған Алматы қаласының да эко­­логиялық жағдайлары өте ауыр. Ал оны әрбір жергілікті басқару орындары ай­мақтық бағдарлама, аймақтық бөлінген қар­жы арқылы шешіп алуы мүмкін емес деп ойлаймын. Мұндай жүйеге өтер болсақ, бұл мәселенің барлығы жыл өткен сайын «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қала береді. Қазіргі күні шетелдік алпауыттар еліміздің табиғи байлығын қалай пайдаланып жатқаны белгісіз. Олардың келтірген экологиялық шығындарын қалыпқа келтіруін талап ететін, табиғатты болашақ ұрпаққа жақсы сақтап жеткізу үшін халқымыздың денінің сау болып, экологияның тұрғындар денсаулығына кесірі тимес үшін бір орталықтанған мемлекеттік басқару мен мемлекеттік жалпы экологиялық бағдарлама керек.

Бейтарап пікір
Мақсат ЖАҚАУ,
эколог:
– Экологиялық мәселе қай өңірде болмасын, бар. Экологиялық мәселе күрделенген сайын оның адамдарға тигізер зияны арта береді. Сондықтан әр аймақтың экологиялық жағдайын ескере отырып бағдарлама жасау арқылы ғана емес, барлық мүмкін болған жағдайларды қарастыра отырып, қоршаған ортаның мәселесін шешуге ұмтылуымыз керек. Бұл ұсыныстың ұтымды жері – әрбір өңірдің экологиясына сай қаржы бөлінуі. Осыны тиімді пайдаланғанымыз дұрыс. Сондай-ақ жергілікті өнеркәсіп орындарынан түскен салық жергілікті басқару орындарына да бөлінеді. Ендеше неге жергілікті билік орындарын жергілікті жердің қоршаған орта мәселесін шешуге міндеттемеске? Осындай қадағалау жұмыстары күшейтілсе, тіпті дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста