Жігітпен сүйісуден жиіркеніп күйеуге тимей қалған кісіні білем
"Қуудың" да неше түрі болады, ия?
- 8 легені болған кісіні білемін - аяқ жуатын, бас жуатын, киім жуатын, нәски жуатын, іш киім жуатын, ...қалғанын ұмытып қалдым ))
- Винегрет салаттың картобы қызарып кетпеу үшін небір әдістер істейтін кісіні білем - қызылшаны қуырып алып салады, ол онша көмектеспейді, салатқа жеудің алдында ғана салып, тез-тез жеп алады ))
- жігітпен сүйісуден жиіркеніп күйеуге тимей қалған кісіні білем ))
- Аппақ былғары "уголок отдыха" дейтін едік қой, диван мен креслоларын ақ матамен жауып, сол бөлмені бәлен жыл құлыптап қойып, онда жылына бір-екі рет кіріп, жиһазды сүртіп, қайта жауып қойып, қонақтарды басқа бөлмеде қарсы алған кісілерді білем, сөйтіп уголок отдыха "отдыхающий уголокқа" айналған ))
- тағы қандай қуғандарды білесіз?
Сәуле Сейдалина
Фейсбуктегі парақшасынан