Тойда психотравма алуға желание жоқ

Тойда психотравма алуға желание жоқ

Танысымыз бар. Екі қыз өсіріп отыр. Үлкен қызы біздің үлкен ұлдан 2 жас кіші. Кішісі біздің кіші ұлдан 1 жас кіші. “Екі ұлды екі қызға үйлендіріп “двойной құда” болып, басты ауыртпай, артық шығынға батпай, бір-бірімізбен әмпәй-жәмпәй құда болайық” деп қалжыңдаймын ғой соларға. Үндемейді таныстарымыз. Жымияды да қояды.

Өткенде Хатуным маған: “Самат, сен айта бермеші оларға құдалық туралы, олардың басқа жоспары бар шығар” деп айтып қалды. Ойланып қалдым. “Сонда менімен құда болғысы келмей ме?”, “менің қай жерім кем?”, “әлде балаларым жындыбас науқас па?”, “әлде мен бір қылмыскер, тексіз, көргенсізбін бе?” деген сұрақ қойдым өзіме … Айнаға қарап-қарап қоямын, вроде не плохой я человек …

Сол ойлармен жүргенімде, өткен аптада сол екі қыздың әкесі, ақбозаттай әп-пақ Mercedes Gelendwagen 5.5 Kompressor деген жәннәти көлік сатып алды. Сол сәтте барлығын түсіндім. “Ровня с ровней - мешок с говном” болу керек екенін ұқтым. Терезесі тең адаммен құда болған бір жөн, ал өзіңнен бай, өзіңнен ауқаттылау, өзіңнен лауазымы жоғары тұрған адаммен құда болған оңай емес. Қысыласың, қымтырыласың, жасисың. Ол бай да өзі сияқты байлардың арасында “құдам сіңір” дегеннен қысылатыны анық. Жастардың да арасында “менің ата-анам берді, сенікі неге бермейді?” деген әңгіме шығуы мүмкін. Жоқ болса немді беремін? Посттарымды распечатка жасап беремін бе? 

Сөйтіп екі ұлға өз шеңберінен қыз табу туралы дивани-хикмет айтып жүрмін. Тым бай да емес, тым сіңір де емес. Өзіміз сияқты орта кастадан қыз алса - шүкір. Әйтпесе, тойда психотравма алуға желание жоқ. Өмір бойы ит көтінен ине алып, жұмыртқадан жүн қырқып, “текені жезде - ешкіні апа” деп келгенде, тойда біреу керіліп отырса … Рахмет. Не заслужил я этого.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста