Сірә «Тоқал» деген «Тойота» сияқты машина деп ойлап қалса керек...
«ТОҚАЛ» мен «ТОЙОТА»
Интернетте не жоқ дейсің, интернетте бәрі бар. Өнімдері мен қызметін ұсынған сайттар саусағың тиіп кетсе ләппайлап тұрады. «Jdmcars» деген Жапониядан автокөлік әкеп сататын компанияның интернеттегі жарнамасына саусағымның ұшы тиіп кеткені сол-ақ екен, «Здравствуйте, Нұрлыбек! Чем мы можем вам помочь?» деп СМС-ін зың еткізсін. Ойпырмай адамның атын атап сөйлесе, иліге қалатын психологияны мықтап меңгеріп алған. Тіпті «Ұ» әрпін «У» қылмай «Ұ» етіп жазғанына ішің жылиды. Бірақ бұндайға да үйреніп алғанбыз, сондағы ойы жылы-жылы сөйлеп, жыланды іннен шығару ғой. Анықтап айтқанда ақшаңды қағып алу. Сондықтан ойланбастан «Тоқал керек еді» деп жаза салдым. Сөйтсем «Не знаю такое» деп жауап жазыпты. Сірә «Тоқал» деген «Тойота» сияқты машина деп ойлап қалса керек.
Нұрлыбек Саматұлы,
Фейсбуктегі парақшасынан