ОДАН ГӨРІ ЕСЕКТІКТЕН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ҚАРАСТЫРМАЙСЫҢДАР МА
Бір өлкеде есектерді ерттеп міну үшін жұртқа ер жасап беретін ұста қайтыс болыпты. Оны есіткен есектер енді бізді ерттеп мінбейтін болды, арқа-басымыз кеңіп, бостандық алатын болдық деп қуанып, тойлап жатқанын көріп, көпті көрген кəрі есек оларға:
- Ай, баламысың деген. Ерте қуанып жатырсыңдар. Өлген ұста сендердің размеріңді де қабілетіңді де білер еді. Ерді де соған қарап жасайтын.
Есек бар жерде ер жасалмай тұрмайды. Ол ұста өлсе, екінші біреуі шығады.
Бірақ ол сендердің размер мен икем, бейіміңді қайдан білсін? Ерді өз білгенінше қалай болса, солай жасаған соң, жүресің əлі сол арқа басың жауыр болып итеңдеп, қожайындарыңның айтқанына көніп, айдауына жүріп.
Одан гөрі есектіктен арылудың жолын қарастырмайсыңдар ма, - депті. ))
Тұрсынбек Тұрапбек
Фейсбуктегі парақшасынан