Мұндай нестандартный ой тек менің бажамның басына келген!

Мұндай нестандартный ой тек менің бажамның басына келген!

САЛБЫРАТЫП ҚОЙҒАН ҚУ СУШНЯК
Қаз-қалпында
1996 жылдың жазында балдызым Жанат тұрмысқа шығатын болып, Алматыдан Қостанайға құда түсуге баратын сіп-свежи құдалар мен Талғаттай болашақ алтын бажамды бақандай төрт жылдық стажы бар “тісқаққан” күйеу бала ретінде мен бастап баратын болдым. Маңызды миссиям Құдай қосқан құдаларды Қостанай вокзалынан күтіп алатын қайын ағам - республикаға белгілі қаламгер Сәлім Меңдібаев бастаған команданың қолына аман-есен табыстаумен аяқталмақшы.
Содан бас-аяғымыз он шақты адам болып, “пісмілда” деп, артынып-тартынып жолға шықтық. Бір жарым тәулік жүретін “жүрдек” пойызда жол бойы қайын жұртымды жапыра мақтап, жат жұртқа барғандағы жағдайымыз қалай болады дегендей, өзіме жутаңдай қарасқан құдалардың күпті көңілдерін барынша жайландыруға тырыстым.
Дегенмен, олардың “переживаниялары” өзіме де өтіп кетті ме екен, жоқ, әлде “құдабастар қызметімнің” бабын асыра пайдаланып қойдым ба екен, әйтеуір, жол ортасынан асып, таңертең Қостанайға жетеміз деген күні кешке қарай күйеу жолдас болып бірге шыққан Болат бар, басқамыз бар, тапырақтап, “біраз жерге шауыппыз”.
Таңертең ояна келсем, бас деген “сынып”, аузым кеуіп, тілім таңдайыма жабысып, сушняк деген сұмырай қаталатып әкетіп барады...
Тап сол кезде Қостанайға тиіп тұрған Рудный қаласына жеткен пойыз да “пыссс” етіп, тоқтай қалды. Жүрісі өнбейтін бәтшағардың мұнда аз ғана аялдайтынын қайдан білейін...
Әшкиімді де киместен, тәпішке, трикомен алақ-жұлақ атып шығып, жанталаса жүгіріп, мұздай минералка іздеп жүрмін. Ол кезде казіргідей сапырылысқан саудагер де, қаздай тізілген киоскілер де жоқ кезең ғой.
Зырқырып жүріп, іздегенімді зорға дегенде перроннан едәуір жерде орналасқан дүңгіршектен таптым әйтеуір. Әйнектен ақшамды ұсынып, екі бөтелке суымды ала беріп, артыма кездейсоқ қарап қалсам... пойыз... пойызым кетіп бара жатыр сартылдап!
Сдачымды да алмастан, ытқып жөнелдім.
Жан ұшыра жүгіріп жетіп, тұтқасынан ұстап, баспалдағына аяғымды іліп үлгергенім - ең соңғы вагонның соңындағы жабық есігі болды. Іліндім де, темір есіктің төменгі тұсына тұмсығыммен тіреліп, қозғалмастан қаттым да қалдым.
Ішінде отырғанда білінбейді ғой, ал сыртынан қарағанда пойыз деген бәлекетіңіз өңкиіп алып, жын ұрған жауынқұрттай бұралаңдайды екен ғой.
Ойпырмай, енді қайттім?! Қап, ешкімге ескертпей кеткенімді қарашы! Тамбуры түскір де тып-типыл бола қапты. Есік болса тарс жабық. Оны тарсылдата қояйын десем, бір қолым тұтқаға тас кенеше жабысып қалған, екінші қолымда - екі бөтелке суым. Тастай салайын десем, қу сушняк қуырып өлтіріп барады!
Онсыз да сынып, зорға тұрған қазандай басыммен темір есікті ары-бері ұрғылап та көрдім. Құлақ тұндыратын сарт-сұрттан оны кім естісін ...
Жылдамдығын үдете түскен пойыздың сарт-сұртымен қоса қолқа-жүрегім аузымнан ытқып кетейін деп тұр.
“Қорыққанда қос көрінеді” деген рас екен, әлі бір сағаттай қалған Қостанайдың түтін мұржалары тіпті таяудан көрініп, тап қазір жетіп баратындай, тынысым тарылды-ай келіп. Соқыр көзімді барынша сығырайтып та, бақырайтып та қарап, жаным шығып барады.
“Өлімнен ұят күшті” дегендей, бәрінен бұрын “үлкен күйеу” деп Құдайындай сыйлайтын Сәлім ағамнан ұялып өліп барамын. Масқара-ай, вокзалда “Құдаларымды сонау Алматыдан Серік күйеу балам бастап келе жатыр!” - деп, масаттанып тұрғанда, мақтаулы күйеу баласы бөтелке құшақтап, тізесі шығып кеткен трико, тәпішкімен вагонның жабық есігінен салбырап өтіп бара жатса... Тап осы жексұрын жағдай көзіме елестеп кетіп, қара терге малшындым-ай келіп.
Осындай “агониялық” арпалыспен 10-15 минут өткен шығар. Бірақ қатты күйзеліс қысқан осынау минуттар маған 10-15 сағатқа пара-пар болғаны анық.
Құдай-оу, бір кезде қарап қалсам.... Алдыңғы екі-үш вагоннан кейінгі бір терезенің жоғары жағынан біреудің басы қылтияды!!! Ой, Алла, әшкисіз көрмейтін шыққыр көзім ап-анық көріп кетті ғой!! Көрмек тұрмақ, жазбай таныдым: бажамның басы!!!
Аллекең бар екени !!!
Қостанайдың кең жазық даласын жан дауысыммен жаңғыртып тұрып, жанайқайға бажылдай бастым-ай дерсің сосын: “Баджииик!!! Баджик, ашшы есікті тез!!! Баджик!!! Баджииик!!! Ашшы бол, тез, баджик!!!”
Болмысы салмақты бажам балпаңдай басып, екі-үш вагоннан өтіп келгенше, тызалақтап тұрған жанымнан тағы да жылға татитын уақыт аса жоғары жылдамдықпен зырқырап өткен шығар-ау.
Негізі, адам сенбейтін жағдай, тіпті, адамның миына кіріп шықпайтын жағдай. Айтыңызшы, вагон ішінен іздеген адамыңды жүйткіп келе жатқан пойыздың терезесінен басыңды шығарып іздеу - кімнің ойына келуі мүмкін???!!!
Міне, ғажап!!! Мұндай нестандартный ой тек менің бажамның басына келген!...
“Екі аяқтыда бажа тату” дейді ғой. Тату деген жай сөз, жандары бір нағыз бажалардың! Вот!!!
... Стресспен ізім-ғайым болған сушнягым да, сәл сімірсем де сіңбей қойған қос бөтелке суым да жайына қалып, тізелерім дірілдеп келіп, купенің полкасына сылқ етіп отырып жатсам, таңғы шайын сораптап, мамыражай отырған бас құда - Балташ ағам: “Серікжан, жүр шәй іш, өзің ауырып қалған жоқсың ба, туәлетте ұзақ отырдың ғой”, - дейт...

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста