Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (1976), Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген (1982). Еңбек жолын Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1971–1980 жж. Жезқазған телевизиясында аға редактор, Бас редактор, 1982–1992 жж. Қазақ республикалық телевидениесінде Бас редактор, 1992–1993 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі. «Ақ құс» Қазақстан ауыл жазушылары республикалық қауымдастығының вице-президенті, кейін президенті, 1994–96 жж. «Қазақ мемлекеті», «Қазақстан қанаты» газеттерінің Бас редакторы, «Жұлдыз» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1997–2003 жылға дейін шығармашылық жұмыста. 2003–2006 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық ғылымизерттеулер орталығында жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі. 2006 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары – Қазақ радиосының Бас директоры. 2007-2009 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі.
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жанартау» 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Қазақ халқының кеңес дәуірінде үзіліп қалған бағзы заманғы суырыпсалмалық өнері – ақындар айтысын жандандырып, дамытуға ұйтқы болып жүр. 1984 жылдан жүздеген ақындар айтысын өткізіп, оған меценаттар тарту арқылы жанжақты қолдау көрсетті. Ақындар айтысын жинақтап, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. «Қазіргі айтыстар» (2005, Астана, 2 том) жинағын құрастырды. «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба…» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2005), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2007), «Құстың көлеңкесі» (2008) атты жыр жинақтарының авторы.
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, С.Сейфуллиннің 100 жылдығына арналып өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.
Жүрсін Ерман
Последние статьи автора