Серік Сақболдаұлы Әбденов

Серік Сақболдаұлы Әбденов

Серік Сақболдаұлы Әбденов

(1977 жылы 15 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған) қоғам және мемлекет қайраткері.
Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (1998) заңгер мамандығы бойынша; Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан - ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы бөлімінің бас маманы, бастығы. 2000 жылдан - заң сараптамасы бөлімінің бастығы, бақылаужәне құжаттық айналым басқармасының бастығы, ҚР СІМ аппараты жетекшісінің орынбасары.
2003 жылдан - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2004 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты еңбекпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, директоры.
2007 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2009 - 2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.]
2012 жылдың қыркүйегінен  2013 жылдың маусымына дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет еткен.
Естеріңізде болса, Сол кезде Үкіметтегі ең жас министр зейнетақы реформасын халық арасында насихаттауда мүлт кеткен болатын.  Министр болып тұрғанында өзі басқаратын ведоство дайындаған заң жобасын шикі деп, Парламентке қайтарған Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің, дәлірек айтқанда Еңбек министрлігінің жұмысын сынға алған болатын.
Білдей министрдің тұғырынан түсуі Есілдің сол жағалауындағы саяси өмірді қыздырып жіберді. Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовты отставкаға жіберді. Тиісті өкімге Елбасы бір жарым сағат бұрын қол қойды.
Осылайша, әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзартпақ болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың өзі атынан ауып түсті. Министрлер кабинетіндегі ең жас шенеунік бұл орынтақта бір жыл да тұрақтамады. Тура тоғыз айдан соң лауазымынан айырылып отыр. Бұған зейнетақы жүйесіндегі реформаның әсері болғаны айтпаса да түсінікті. Даулы заң жобасын ұсынамын деген шенеунікке Алматыда қарсылық ретінде жұмыртқа лақтырылған еді.
Тіпті аңдамай сөйлеген атқамінердің шешендігі талай күлкіге қалған.
Өткен жұмада Мәжіліс пен Сенаттан қолдау тапқан құжатты Елбасы Үкіметке кері қайтарған. Президент Еңбек министрлігін қатты сынға да алды. Өйткені зейнетақы жүйесіндегі оң өзгерісті халық арасында дұрыс түсіндіре алмағаны үшін.
- «Жалпы, мен Үкімет пен Ұлттық банктің жаңа зейнетақы заңнамасын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмысына оң баға бере алмаймын. Біріншіден, осындай өте маңызды әлеуметтік заң жобасы немқұрайлы қаралды. Екіншіден, оны халыққа кеңінен насихаттау ісі дұрыс жүргізілген жоқ. Нәтижесінде, қазақстандықтардың көбі зейнетақы реформасының түпкі мәнін түсінбей қалды», – деген болатын Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
Әйелдердің зейнет жасын ұзарту 2018 жылға дейін шегерілгені белгілі. Сондықтан бұл реформаның тиімділігін түсіндіру үшін министрлікке тәжірбиелі шенеунік тағайындалуы мүмкін.
Дәл қазіргі уақытта ол «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста