Жомарт Сабыржанұлы Сабыржанов
Жомарт Сабыржанұлы Сабыржанов 1950 жылы 10 ақпанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келген.
1975 жылы – Алматы қаласындағы мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген. Мамандығы: «Спорт және дене тәрбиесінен жаттықтырушы-оқытушы». 1989 жылы – Санкт-Петербург қаласында П.Ф. Лесгафта атындағы институтында спорттық жаттықтыру және дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі курсын бітірген. Қ. Мұнайтпасов атындағы Республикалық дарынды спортшы балаларға арналған мектеп интернатында әдіскер, директорының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті дене тәрбиесі кафедрасының доценті, Астана қаласының Олимпиадалық Резервтер Дайындау Орталығында директордың орынбасары қызметін атқарған. 2008 жылдан – МКҚК №8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры.
Астана қаласының Садақ ату Федерациясының президенті. Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының директорлар кеңесінің төрағасы.
1981 жылы – КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының наградасы «Еңбектегі ерлігі үшін» медальмен марапатталды. 1991 жылы – педагогика ғылымының доценті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2000 жылы – «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» медальмен марапатталды. 2006 жылы – «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері».