Жангелді Отарбайұлы Отарбаев 1948 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Сейсмология институтының аспирантурасын бітірген. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі.
Қазақстан Ғылым академиясы Сейсмология институтында, Математика және механика институтында қызмет істеген. 1987-2001 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтының аға оқытушысы, деканның орынбасары, доценті, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болған. Қазір Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Қашықтан оқыту институтының директоры.
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Жангелді Отарбайұлы Отарбаев
Последние статьи автора