Жанғали Нәбиуллин
Жанғали Нәбиуллин 1936 жылы 13 желтоқсанда бұрынғы Орал облысының (БҚО) Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих-филология факультетін бітірген.
Ақынның тұңғыш өлеңдері 1961 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинаққа енді. Бірнеше өлеңдер кітабының авторы. Ең үздік өлеңдері 1977 жылы «Қазақ Совет поэзиясының антологиясына» енген.
Көп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының Орал өңіріндегі әдеби кеңесінде, Орал облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет істеген, қазір зейнеткер. Жаңақала, Бөкей Ордасы аудандарының, Орал қаласының Құрметті азаматы.
ҚР Құрмет Грамотасымен, Елбасының мақтау грамотасымен, Қазақстан Журналистер Конгресінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Ақ жаңбыр. Өлеңдер кітабы. А., «Жазушы», 1968; Таныс әуендер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Ақ сөйле, жүрегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Орда – қаһармандар қаласы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Қас қағым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жырлайды жылдар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985; Жоғарғы кернеу. А., «Жазушы», 2001; Жетінші перне. Алты томдық таңдамалы өлеңдер. «Полиграфист», 2001–2003.