Жандос Бәделұлы
Жандос Бәделұлы 1978 жылы 10 қарашада Моңғол Халық Республикасының Баянөлгей аймағында дүниеге келген. 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Тұрақты әдеби псевдонимі Бесбоғда Алтай.
«Жас Алаш», «Астана ақшамы» газеттерінде еңбек жолын бастаған, «Фолиант» баспасында бас редактор, «Қазақстан теміржолшысы», «Айқын» газеттерінде тілші, ҚР Жоғарғы соты мен Әділет министрлігіне қарасты «Заң» медиакорпорациясында Астана өкілдігінің директоры, «Алаш айнасы» газетінде Астана бюросының жетекшісі болған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентi әкімшілігінде қызмет еткен. 2011 жылғы 11 тамыздан бастап «Профи Медиа» ЖШС-ның бас директор.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің иегері (2001).