Хамза Қалмырзаұлы Көктәнді

Хамза Қалмырзаұлы Көктәнді (Әмзе Қалмырзаұлы) 1953 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген. Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» (1983–1986), облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттері (1986–1988) редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде (1988–1989) әдеби кеңесші болды және жас ақын-жазушылардың республикалық «Игілік» қауымдастығының президенті (1989–1990), 1989 жылы тәуелсіз «Ақтолғай» газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі «Наурыз» газетінің редакторы, «Қасиет» баспасының төрағасы (1991) қызметтерін атқарды. Қазір «Қасиет» баспасында Бас редактор және директор қызметінде. 1983 жылы республикалық «Жігер» фестивалі лауреаттығын («Көкпар» өлеңі үшін), «Гүлдесте» поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен «Жалын» баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған. 1998 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас ақын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан.
«Құбылыс», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы» атты кітаптары, ІІІ томдық шығармалар жинағы жарық көрген.
Туындылары республикалық мерзімдік баспасөзде 1980 жылдан жарияланып келеді. «Даналық сүрлеуі», «Жақсы сөз», «Денсаулықнама», «Пайғамбарлар ұлағаты», «Жаны жайсаң Жандарбек» сияқты оннан аса танымдық, публицистикалық кітаптар мен кітапшалар шығарған.
Шығармалары: Қарлығаш. Өлеңдер. «Жалын», 1983; Арыңды жасыңнан сақта. Әңгімелер. А.,»Жалын», 1984; Бастау. Триптих, поэмалар. А., «Жалын», 1988; Наурыз жырлары. Ән-өлеңдер, ұжымдық жинақ. А., «Жазушы», 1990; Мен сені көргелі. Әңгімелері. А., «Рауан», 1991; Арман қуып адассам, кешір мені… Өлеңдер, поэмалар, А., «Рауан», 1991; Адуын ағыстар. Өлеңдер, поэмалар. Ш., «Қасиет», 1992; Ойдың күші. Әдеби толғаныстар. Ш., «Қасиет», 1993; Ауыс адам жасырған құпия. Философиялық әңгімелер. Ш., «Қасиет», 1994. Тайна чокнутого. Рассказы. Ш., «Қасиет». 1995; Эхо Казыгурта. Коллективный сборник. Ш., «Қасиет», 1995; «Көз аясындағы дүние», Будапешт қаласынан, «Түркістан» әңгімелер жинағы. Ш., «Қасиет»; Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы. М., 2001; Шыңғыс ханның шындығы – қазаққа жасырылған құпия. 2003; Ұлы жосық. 2003; Алтын төркін. 2004; Ой гладиаторы. 2004; Түркі теберігі – Түркістан. 2008; Сопылық сарыны. 2009.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста