Владимир Михайлович Смирнов
Владимир Михайлович Смирнов 1964 жылы 7 наурызда Ақмола облысында дүниеге келді. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген.
Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындардың төрт дүркін күміс және екі мәрте қола жүлдегері КСРО-ның шаңғы спортынан көптеген мәрте чемпионы, 2011 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Азиялық ойындарды ұйымдастырушылардың бірі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.,
Қазақстан және КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 30 шақырым қашықтықтан шаңғыдан әлем кубогының иегері атанды. 15, 17, 18-ші қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде алды. 1993-1995 жылдардағы әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. 2003 жылдан Қазақстан биатлоншлары одағының президенті.
«Еңбек Қызыл Ту», «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған.