Ұзақбай Рүстемұлы Айтжанов

Ұзақбай Рүстемұлы Айтжанов

Ұзақбай Рүстемұлы Айтжанов 1958 жылы 28 тамызда Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (1980), Мәскеу қаласындағы КСРО Министрлер кабинеті жанындағы Халық шаруашылығы академиясын (1991), АҚШ-тың Массачусетс штатында Іскер әкімшілік мамандығы бойынша Халықаралық Бизнес академиясын (1993) тамамдаған.
Еңбек жолын «Қызылордастрой» трестінде шеберден бастап, құрылыс басқармасының бастығына дейін көтерілді. Қызылорда қаласы коммуналдық шаруашылық бірлестігінің (1986-1988), «Қызылорда құрылыс бөлімі» құрылыс басқармасының (1988-1991) бастығы болып еңбек етті. Қызылорда қаласы Халық депутаттарының қалалық кеңесінің депутаттығына бірнеше мәрте сайланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нью-Йорк қаласында Қазақстанның АҚШ-тағы Іскерлік байланыстар орталығын құрып, орталықтың президенті қызметін атқарды (1993-1997 жж). 1993 жылы елімізге инвестиция тарту мақсатында Atameken-Corp компаниясын құрды. «Қазақстан теміржолы» ЖАҚ-да жаңа өндіріс пен импорттау Департаментінің директоры (2002), Қазақстандағы теміржол көлігі кәсіпкерлері одағының президенті (2002-2003), Евразиялық экономикалық қоғамдастықтың іскерлік кеңесінің қосалқы төрағасы (2006-2008) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан бастап Atameken Holding Қаржы және өнеркәсіп тобының директорлар кеңесінің төрағасы. Іскер әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (АҚШ).
Мемлекеттік "Парасат" (2007), “Құрмет” (2006) ордендерінің кавалері және "Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалінің" (2006) иегері. Бүкіл әлемдік “Миротворец” қайырымдылық одағының “Алтын жұлдызымен” марапатталған (2006). Еліміздегі тұңғыш ұлттық «Алтын жүрек» қоғамдық сыйлығының лауреаты, «Жыл меценаты» (2007).
Чех Республикасының Қазақстандағы құрметті консулы, Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағының мүшесі. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры. А.Н.Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының директорлар кеңесінің мүшесі.
Сейсмикалық құрылыс саласындағы 19 жаңалықтың, бірқатар мақалалардың, ғимараттарды сейсмикалық қорғау саласындағы ғылыми жұмыстардың авторы. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста