Тұрсын Үшбайұлы Уажанов
Тұрсын Үшбайұлы Уажанов 1951 жылы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. КСРО МҚК-ның Феликс Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық-командалық училищесін, КСРО МҚК-ның Қызыл Тулы институтын бітірген. 1972-1979 және 1982-1985 жылдары - КСРО МҚК-ның Шығыс шекара округі Зайсан шекара отрядының офицері, аға офицері. 1985-1987 жылдары - Шығыс шекара округі Күршім шекара отрядының бөлім бастығының орынбасары. 1987-1993 жылдары - Үшарал шекара отряды бастығының орынбасары - бөлім бастығы - жедел бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері штабы бастығының орынбасары - Ақпараттық-сараптама бөлімінің бастығы, Шекаралық бақылау бөлімінің бастығы. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің штаб бастығының орынбасары - Шекаралық бақылау басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - Мемлекеттік шекараны қорғау күштері Бас штабы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сыртқы қатынас қызметінің бастығы. 1999-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰКК Шекара қызметі директорының орынбасары - Бас басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, генерал-майор.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, КСРО-ның бірнеше медальдарымен, ІІ дәрежелі «Шекара әскерлерінің үздігі» белгісімен, «Интернационалшы жауынгерге ризалықты ауған халқынан» медалімен марапатталған.