Төлеуіш Пәуеденұлы Серіков 1948 жылы 21 ақпанда Атырау облысы Теңіз ауданының Сафоновка ауылында туған. Атырау мемлекеттік педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген (1969); Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1999).
Химия ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1995). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Күкіртті, жоғары асфальт қарамайлы мұнайдан алынатын бензин және мұнай-химиялық шикізатының құрамы, қасиеті және оларды алудың тәсілдері». Профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және РФ Халықаралық инженерлік академияның академигі.
40-тан астам монография мен оқулықтардың, сондай-ақ, 800-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.
1969 жылдан - Мәскеу мұнай-химиялық синтездеу институтында машықтанушы-зерттеуші. 1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - ҚазКСР ҒА Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтының инженері. 1972 жылдан - Мәскеу мұнай-химиялық синтездеу институтының аспиранты. 1975 жылдан - ҚазКСР ҒА Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі. 1984 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев қаласындағы филиалының жалпытехникалық факультетінің деканы, оқыту-ғылыми орталығының директоры, филиалдың директоры. 1995 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының Атырау облысы бойынша депутаты.
1998 жылдан бері - Атырау мұнай және газ институтының ректоры.
«Құрмет» орденімен (2004); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» (1999) төсбелгісімен марапатталған.
Төлеуіш Пәуеденұлы Серіков
Последние статьи автора