Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев
Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев 1950 жылы 12 сәуірде Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Антоновка ауылында дүниеге келген. V сайланған Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы.
Еңбек жолын «Балхашпромстрой» тресiнде жұмысшы-монтаждаушы болып бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-графика факультетiн тәмәмдаған. Қазақ қыздар педагогикалық институтында сабақ берiп, жолсерiктердiң қалалық студенттер жасағын басқарды, Қазақстан темiр жолы №7 Алматы бөлiмiнiң вагон депосында кәсiподақ комитетiнiң төрағасы болып жұмыс iстеген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының есеп-экономика факультетiн бiтiрдi. 1987-2002 жылдар аралығында «Алматықалабезендiру» ЖАҚ басқарған.
1999 жылы II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының депутаты, 2002 жылдан бастап II, III, IV сайланған Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2010 жылы «Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бiрлестiгi» Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы болып сайланады. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның мүшесi.
Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы Мұқашев Төлеубек Төлеуұлына «Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi», «Алматы қаласының құрметтi азаматы» атақтары берiлген. Сонымен бiрге «Парасат» орденi, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Нұр Отан» ХДП «Белсендi қызметi үшiн» медальдарымен марапатталған.