Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Тимур Асқарұлы Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.
1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі, кіші ғылыми қызметкері. 1990-1992 жылдары - Қазақстанның Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры. 1992-1997 жылдары - «Алтын Алма» Концерні» АҚ-ының бас директоры, президенті, Қазақстанның халықаралық даму қорының бас директоры, «Altyn Alma» сауда үйінің президенті, «Алтын Алма» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті. 1995-1997 жылдары - «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының директоры. 1997-1999 жылдары - «Казақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ-ының экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 1999-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ-ының президенті, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ының бас директоры. 2001-2002 жылдары - «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының бас директоры. 2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының бірінші вице-президенті болған. 2002 жылдан бері «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қазанынан - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2009 жылдың қаңтарынан - Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті атқару комитетінің мүшесі. 2010 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың сәуірінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы болып сайланған. 2010 жылдың мамырында Қазақстан Республиксы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына кірген. 2011 жылдың 12 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған. «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. «Қазатомпром ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY ассоциациясының төрағасы. Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰЭП президиумының төрағасы (2010 жылдан). Қазақстан Республикасы бокс федерациясының төрағасы. «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2011 жылдың маусымынан) 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанның "Атамекен одағы" ҰЭП президиумының төрағасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста