Талғат Мамыртайұлы Қойбақов

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов

Талғат Мамыртайұлы Қойбақов 1963 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданы Тапа елді мекенінде дүниеге келген. 1985 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған. 2002 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын және 2011 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын тәмамдады.
Офицерлік қызметін Оңтүстік әскерлер тобында взвод командирі лауазымынан бастады. 1989 жылдың шілдесінен 1992 жылдың маусымына дейін – Түркістан әскери округінде взвод командирі. 1992 жылғы маусымнан 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Республикалық гвардияда түрлі офицерлік лауазымдық қызметте болды. 2000 жылғы желтоқсаннан 2001 жылғы қаңтарға дейін – мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары. 2001 жылғы қаңтардан 2002 жылғы қарашаға дейін – жеке гвардиялық шабуылдаушы-десанттық бригаданың командирі. 2002 жылғы қарашадан 2005 жылғы тамызға дейін – мотоатқыштар дивизиясының командирі. 2005 жылғы тамыздан 2006 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының орынбасары. 2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы қыркүйекке дейін – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы. 2007 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы қарашаға дейін – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы. 2007 жылғы қарашадан 2009 жылғы шілдеге дейін - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасы штабының бастығы. 2009 жылғы шілдеден 2011 жылғы шілдеге дейін – РФ ҚК БШ Әскери академиясының тыңдаушысы. 2011 жылғы шілдеден 2012 жылғы ақпанға дейін – ҚР ҚМ ШБК Жауынгерлік даярлық және әскери қызмет департаментінің бастығы. 2012 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы болып тағайындалды. «Астана», 3 мерейтойлық және еңбек сіңіргені үшін медальдарымен наградталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста