Серікжан Зиаданұлы Қанаев 1953 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1978 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін, 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1991 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған. Философия ғылымының кандидаты, саясаттану ғылымының докторы, профессор.
Еңбек жолын электр монтері болып бастаған, Кеңес армиясының қатарында әскери міндетін өтеді. 1978 жылдан бастап Қарағанды облысының комсомол және партия органдарында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты және Министрлер Кабинетінің аға референті. 1994-1999 жылдары - Қарағанды облысы еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармаларының бастығы. 1999-2005 жылдары - Білім және ғылым министрлігі бөлімінің, басқармасының бастығы, әкімшілік департаментінің директоры, аппарат басшысы. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының Басшысы. 2006-2007 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2007-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы басшысының орынбасары.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
Серікжан Зиаданұлы Қанаев
Последние статьи автора