Серік Достанұлы Пірімбетов
Серік Достанұлы Пірімбетов 1948 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, 1975 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдады. Экономика ғылымының докторы (2002 ж.), профессор, «Еуразия» халықаралық экономика академиясының академигі, Бизнес және әкімшілік басшылары халықаралық академиясының (АҚШ) құрметті мүшесі.
Мемлекеттік құрылымдарында халықаралық ынтымақтастық саласында істеген үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесші, 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап Еуразия даму банкі Басқармасы төрағасының кеңесшісі.