Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов
Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов 1949 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, математик. Педагогика ғылымының докторы, профессор, академик.
Еңбек жолын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады, осы оқу орнында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор, білім және даму проблемалары ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі болды. 2000-2004 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші проректоры. 2004-2008 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проекторы. Оның тікелей қатысуымен ЕҰУ базасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы ашылып, ойдағыдай жұмыс істеуде. 2008-2009 жылдары - «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» акционерлік қоғамының президенті. 2009-2012 жылдары - «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры.
«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған. «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР еңбек сіңірген білім қызметкері», «Таңдаулы ректор», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері.