Сара Ищанова
Сара Ищанова 1960 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының меццо-сопрано дауысты әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы - Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»,«Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди), Азучена («Трубадур» Дж.Пуччини), Кармен («Кармен» Ж.Бизе), Марта («Фауст» Ш.Гуно), Маддалена («Риголетто» Дж.Верди), тағы басқа орыс және шет ел классиктерінің опера партияларын кемеліне келтіре орындап, шығармашылық концерттерге белсене қатысқан. Гастрольдік сапармен Қытай мен Түркияда, Мәскеу, Санкт-Петербор қаларында болып, өнер көрсетті.