Сәлім Әлмағанбетұлы Құрманғожин 1934 жылы 4 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, 1963 жылы КСРО СІМ жоғарғы дипломатиялық мектебін тәмамдаған. Саяси қайраткер, дипломат, ҚР дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қызметкері. Саясаттану ғылымының кандидаты (1999).
1955-1956 жылдары Петропавл педагогикалық институтында оқытушы, 1956-1961 жылдары Қазақ КСР-і СІМ-нің 2-, 1-хатшысы, 1963-1967 жылдары Біріккен Араб Республикасындағы КСРО елшілігінің 3-хатшысы, 1967-1973 жылдары КСРО СІМ-де жауапты қызметкер, 1973-1978 жылдары КСРО-ның Стамбұл қаласындағы консулы, 1978-1984 жылдары КСРО СІМ бас хатшылығының кеңесшісі, 1984-1989 жылдары Эфиопиядағы КСРО елшілігінің кеңесшісі, 1989-1992 жылдары КСРО СІМ елшіліктермен жұмыс ісінің сарапшысы болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1993-1996 жылдары Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі, 1996-1997 жылдары ҚР СІМ кеңесшісі, 1997-1998 жылдары ҚР СІМ бақылау басқармасының басшысы, 1998-1999 жылдары ҚР СІМ дипломатия академиясының төтенше және өкілетті өкілдерінің біліктілігін арттыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚазМУ-да оқытушы. Венгрияның орта дәрежелі жұлдызды Крест орденімен марапатталған.
Сәлім Әлмағанбетұлы Құрманғожин
Последние статьи автора