Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев

Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев

Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев 1950 жылы 31 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты.
Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 1982-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 1989-1995 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институты жанындағы Ғылыми қолжазбалар орталығының жетекшісі. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 2000-2001 жылдары - Эгей университетінің профессоры (Түркия). 2001-2003 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (проректоры). 2003-2007 жылдары - Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдары - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры. 2010 жылдың қараша айынан - «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті.
«Қазақ эпосы», «Эпос әлемі», «Қорқыт ата кітабы» атты кітаптардың және 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.
«Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, Халықаралық Шығыстану қоғамдастығының мүшесі, Халықаралық Фольклор комитетінің мүшесі. 2002 жылдан «Түркология» халықаралық журналының бас редакторы, Шыңғыс Айтматов Халықаралық қоғамдық академиясының нақты мүшесі, 2004 жылдан Түркі әлемі қауымдастығының атқарушы директоры. 2010 жылдың 10 қарашасында Халықаралық түркі академиясының президенті болып сайланды.
20-дан астам Халықаралық конгресстер мен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан. 120-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалардың, 7 монографияның авторы, 10-нан астам ғылыми жинақтарды басып шығарған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста