Сайран Ахметжанұлы Фазылов
Сайран Ахметжанұлы Фазылов 1948 жылы 6 желтоқсанда Қостанай облысы Затобол ауданының Алыскөл ауылында туған. 1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, сәулетші. Экономика ғылымының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан экономикасында қала салу тораптарын қалыптастыру». ҚазБСҚА (1998 жылдан), Халықаралық Сәулет академиясының (Мәскеу қаласы, 2003 жылдан) профессоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (2001 жылдан).
1972 жылдан - Алматы қаласындағы Абаттандыру басқармасында сәулетші, аға сәулетші, ӨМК жетекшісі. 1978 жылдан - Алматы қаласының Бас сәулетшісінің орынбасары. 1985 жылдан - Алматы облысының Бас сәулетшісі. 2002 жылдан - Алматы қаласы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің сәулеттік-құрылыстық бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы. 2004 жылдан - «Қуат» корпорациясының бас сәулетшісі, «Қуат-жоба» институтының директоры. 2006 жылдан - «Arkaz engineering» ЖШС директоры. 2008 жылдан бері - Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы, бас сәулетшісі. Қазақстан Дизайнерлер одағының вице-президенті, Қазақстан қала салушылар одағының вице-президенті. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (1989) сыйлығының, Жамбыл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1986) марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері (1998). ҚР Құрметті сәулетшісі (2004).