Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков
Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков 1939 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеу химия-машина жасау институтын бітірген. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-2005 жылдары Қазақ химия-технология институтында (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысқан. 2005 жылдан Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Шымкент институтының профессоры қызметін атқарған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері интенсивті масса алмастыру аппаратурасын құруға арналған. Ғалымның 300-ден астам ғылыми еңбегі және 80-ге жуық авторлық куәлігі мен патенті бар.