Сағитжан Досымұлы Тасмағамбетов
Сағитжан Досымұлы Тасмағамбетов 1946 жылы 8 тамызда Ақтөбе облысының Ембі қаласында туған. Қазақ. Анасы - Тасмағамбетова Бибіғайша (1923 жылы туған). С.М. Ки-ров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1969), заңгер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1963 жылдан - Ақтөбе облысының Қандыағаш дистанци-ясының 2-ші дәрежелі жұмысшысы. 1964 жылдан - Ембі қаласындағы №462 мектептің меңгерушісі. 1965 жылдан - Алматы қаласындағы №1 Автожөндеу зауытының 2-ші дәре-желі ұстасы. 1966 жылдан - Алматы қаласындағы Киров атындағы зауытта токарьдің шәкірті. 1967 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1969 жылдан - Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ ММТСҚК инспекторы, аға ин-спекторы. 1970 жылдың шілде айынан - Қазақстан КП Калинин аудандық комитеті «Білім» қоғамының хатшысы. 1970 жылдың желтоқсан айынан - Кеңес Әскерінің қата-рында қызметте. 1971 жылдан - Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ СТЖ бөлімінің нұсқаушысы. 1972 жылдан - КСРО ІІМ Алматы орта арнайы милиция мектебінде курс бастығының орынбасары. 1973 жылдан - №90344 ә/б әскери трибуналының аға хатшысы (Камчаткадағы Петропавловск қаласы). 1976 жылдан - Солтүстік Осетин АКСР Орджони-кидзе гарнизоны әскери трибуналының мүшесі. 1981 жылдан - Волгоград гарнизоны әскери трибунал терағасының орынбасары. 1984 жылдан - Тындинск гарнизоны әскери трибуналының терағасы (БАМ). 1989 жылдан - оңтүстік әскер тобы әскери трибуналының мүшесі (Будапешт қаласы). 1991 жылдан - Ташкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы. 1992 жылдың ақпан айынан - ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті істер басқармасының бастығы. 1992 жылдың маусым айынан - ҚР Жоғарғы сотының әскери істер жөніндегі сот алқасының терағасы. 2001 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдың наурыз айынан 2010 жылға дейін - ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы. Қазақстан Заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшесі. «Құрмет» ор-денімен (2006); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен (2005) мара-патталған.
• Запастағы әділет генерал-майоры.
• Үйленген. Жұбайы - Тасмағамбетова Алла Ерсұлтанқызы (1947 жылы туған)
• Қыздары- Тасмағамбетова Жанат Сағитжанқызы (1969 жылы туған), Тасмағамбетова Белла Сағитжанқызы (1979 жылы туған). Немерелері - Дана жене Садина.