Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов
Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов 1954 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын тәлімгер ретінде бастап, Алматы облысының Іле ауданы прокуратурасының тергеушісі, Алматы облысы прокуратурасының аға тергеушісі, Алматы облысының Іле ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокуратурасының тергеу Басқармасы тергеу бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Басқарма істері бойынша әкімшілік органдар бөлімінің бас маманы, кадр жұмысы жөніндегі Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы Қаскелен ауданының прокуроры, Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Басқарма бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы секторының меңгерушісі, Астана қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің шамасы жоқ борышкерлермен жұмыс жасау комитетінің төрағасы, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 18 ақпандағы бұйрығымен Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.