Руслан Фатихұлы Жақсылықов
Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.
1987-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің қолбасшысы. 2013 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшысы. 2014 жылдың сәуір айынан ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болып тағайындалды. Генерал-лейтенант.