Розақұл Сатыбалдыұлы Халмурадов
Розақұл Сатыбалдыұлы Халмурадов 1941 жылғы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылында туған. Орта мектепті 1958 жылы бітіргеннен кейін Манкент ауылында колхозшы болып жұмыс істеді. 1959 жылы В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 1968 жылы «география» мамандығы бойынша бітірді. 1978-1982 жылдары Ташкент ауыл шарушылығы институтында «агрономия» мамандығы бойынша сырттай білім алды. 1983-1986 жылдары Алматының жоғары партия мектебінде сырттай оқыды.
1959-1963 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1964-1965 жылдары – орта мектеп мұғалімі. 1965-1977 жылдары – Сайрам аудандық комсомол комитетінде, аудандық партия комитетінде жұмыс істеді, осы ауданның «Победа» ұжымшарының партком хатшысы болды. 1977-1989 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің Ұйымдастыру және партия жұмысы бөлімінің нұсқаушысы, облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі, облыстық партия комитетінің Ұйымдастыру және партия жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Түркістан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылы – Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы. 1991 жылы – Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары – облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы. 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі. 1993-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және әкімнің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіптік кеңесінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық басқармасының бастығы. 2007-2011 жылдары – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдың қаңтарынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
I дәрежелі «Достық», II дәрежелі «Достық», «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақстан КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен және 6 медальмен марапатталған.