Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев

Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев

Рахметқажы Ескендірұлы Берсімбаев 1947 жылы 8 наурызда Алтай өлкесі Қосағаш ауданының Жазатөр ауылында дүниеге келген. Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.
1969 жылы Новосібір мемлекеттік университетін «биология» және «молекулярлық биология» мамандығы бойынша НМУ-дың жаратылыстану факультетін бітірді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы (1975-1977 жж.), доцент, дарвинизм және генетика кафедрасының меңгерушісі (1977-1987 жж.), генетика және молекулярлық биология кафедрасының меңгерушісі (1987-2002), биология факультетінің деканы (1988-1995 жж., 2001-2004 жж.).
1995-2000 жж. ҚР ҰҒА генетика және жалпы цитология Институның директоры, 1995-2004 жж. аталған институттағы молекулярлық генетика зертханасының меңгерушісі, 2004 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары болды.
Р.Е. Берсімбаев молекулярлық және биохимиялық генетика саласындағы атақты маман, гендердің белсенділігін реттеуші молекулалық-генетикалық механизмдерін зерттеумен және жасушаішілік сигнализация механизмдерін ашумен байланысты жаңа ғылыми бағыттың негізін салушы. Ол бірінші болып гормондардың әсерінен гендер экспрессиясын реттеудің каскадты принципін дәлелдеді және осындай реттеуші каскадтардың жасуша ансамбльдерінің деңгейінде қызмет ету концепциясын жасады. Соңғы жылдары ол тұқым қуалаушы өзгергіштік пен геномның бір жерден екінші жерге көшетін элементтердің, бағдарланған жасушалық өлім мен канцерогенезді генетикалық бақылаудың қатысуымен, генетикалық тұрақсыздық механизмдерін зерттеу саласында белсенді жұмыс атқарып келеді. Ғалымның басшылығымен жүргізіліп жатқан зерттеулер мемлекетіміз бен шетелдік ғылыми қоғамға кеңінен танылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы биология және биотехнология ҒЗИ (1993 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы жалпы генетика және цитология Институтын (1995 ж.) құрды. Биология факультетінің деканы және «Биология» секциясының төрағасы бола жүріп жоғары биологиялық білім беру және білікті биолог мамандарды даярлау үшін мемлекеттік стандарттарды жасауға көп көңіл бөледі.
Оның ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық және 13 кандидаттық диссертация қорғалды.
Ол ҚР ғылымы мен техникасының дамуына сіңірген ерен еңбегі үшін ғалымдар мен мамандарға берілетін Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
П. Капица атындағы Ұлыбритания Корольдық қоғамының сыйлығымен және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің белгісімен марапатталған (2003 ж.). ҚР ЖМ ҒА мүшесі (2000 ж.), ЖМ КҒА мүшесі (2001 ж.).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста