Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков
Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков 1955 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi. Заң ғылымының кандидаты дәрежесіне ізденуші.
Университетті бітіргеннен кейін Торғай облысы Жангелді аудандық прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеген. 1986-1988 жылдары - Торғай облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі. 1988-1989 жылдары - Қостанай облысы Амангелді аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1989-1994 жылдары - Қостанай облысы Амангелді аудандық халық сотының төрағасы. 1994-1995 жылдары - Торғай облыстық соты төрағасының орынбасары. 1995-1997 жылдары - Торғай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1997-1999 жылдары - Арқалық қаласы өңірлік сот құрамының төрағасы, Қостанай облыстық сотының судьясы. 1999-2004 жылдары - II сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппарат басшысы және алқа мүшесі. 2007-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл», «Тың және тыңайған жерлердi игерудің басталуына 50 жыл», «Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» медальдарымен марапатталған; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметтi қызметкерi» атағы берілген.