Құралбек Сәдібайұлы Құлажанов

Құралбек Сәдібайұлы Құлажанов

Құралбек Сәдібайұлы Құлажанов  1967 жылы «Химия, органикалық катализ» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік  университетін (ҚазМУ) тәмамдаған. Катализ және техникалық химия кафедрасында зерттеуші-стажер қызметін атқарып,  1969 жылы аспирантураға түскен. 1972 жылы диссертация қорғап, химия ғылымының кандидаты дәрежесін алған.
1972-1980 жылдары химиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, сосын - Қазақ көлік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының эксплуатациялық материалдар мен химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1980-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтының Алматы филиалының (ЖЖТӨТИ АФ) ғылыми-зерттеу секторының бастығы, филиал директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Аналитикалық, физикалық және коллоидтік химия» кафедрасының меңгерушісі, нан өнімдері және тоқыма өнімдер технологиясы факультеті деканының орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және 1994 жылдан бастап ЖЖТӨТИ филиалының директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына ректоры болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы технологиялық университетінің ректоры болып қызмет атқарады.
Қ.С. Құлажанов - 1995 жылдан химия ғылымдарының докторы, 1996  жылдан профессор, Мәскеу тамақ өндірісінің мемлекеттік академиясының  және Андонг Ұлтық университетінің (Оңтүстік Корея) Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық  инженерлік ғылым академиясының және Халықаралық инженерлік ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық  ғылым академиясының жоғары мектебінің және Халықаралық ғылым академиясының жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі.
Қ.С. Құлажановтың авторлығымен 495 ғылыми еңбек жарық көрді, олардың қатарында  29 оқулық пен оқу құралы, 5 монография, 49 авторлық куәлік пен патент бар, 6 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидатын даярлады. Қ.С.Құлажановтың аса іргелі еңбектері үш рет қайта басылған екі томдық ЖОО-ларға арналған  «Аналитикалық химия» (қазақ тілінде) оқулығы: 1-ші том – «Талдаудың химиялық әдістері» және 2-ші том – «Талдаудың физика-химиялық әдістері», сонымен қатар ЖОО-ларға арналған «Физикалық және коллоидтық химия» оқулығы, ЖОО-ларға арналған қазақ тіліндегі «Биоорганикалық химия» оқулығы мен «Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру» оқулығы және т.б.
 Қ.С. Құлажановтың жоғары кәсіби білім мен ЖОО ғылымын дамыту, жоғары білікті кәсіби және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы аса зор еңбегі Қазақстан Республикасының, билік пен басшылықтың Орталық  органдарының құрметті атақтарымен және марапаттарымен аталып өтілген. Ол: «Құрмет» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағымен; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі» Төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құрметті белгісімен; «Қазақстан Конституциясына-10 жыл»,  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста