Құралбек Досжанұлы Ордабаев 1949 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984). «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысты. Халықаралық теміржолшылар одағы жарысы кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 1995), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000). 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті.
Құралбек Досжанұлы Ордабаев
Последние статьи автора