Қаражігітова Мария Жапаққызы
Қаражігітова Мария Жапаққызы 1950 жылы 13 ақпанда Гурьев қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын, Халықаралық бизнес Академиясын бітірген. Халықаралық Бизнес Академиясының және Маастрихт менеджмент мектебінің магистрі.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы клиникалық және эксперименталды хирургия институтында кітапханашылықтан бастап, 1972-1991 жылдар аралығында Маңғыстау мектептері мен Гурьев қаласы мектептерінде ұстаздық етті, Гурьев қалалық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы болды. 1980-1982 жылдары КСРО-ның АДР-дағы елшілік жанындағы №4 мектебінің мұғалімі. 1991-1993 жылдар аралығында облыстық атқару комитеті жанындағы мамандандырылған топтың аудармашысы қызметін атқарды. 1993-1995 жылдары «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры мен директорының көмекшісі және аудармашысы, 1995-2009 жылдары «Теңізшевройл» ЖШС-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері болып еңбек етті. 2009 жылдың маусымынан бастап бүгінде дейін «Теңізшевройл» ЖШС-ның Атырау облысындағы мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.