Қанатбек Нұртазаұлы Мұқанов
Қанатбек Нұртазаұлы Мұқанов 1966 жылы 9 қыркүйекте Павлодар облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін, Қазақ қаржы-экономика институтының экономика факультетін тәмамдаған.
1989-2002 жылдары кші ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, доцент, профессор, СММА морфология пәндері кафедрасының меңгерушісі. 2002-2005 жылдары Семей мемлекеттік медицина академиясының бірінші проректоры-оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры болды. 2005-2008 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры-оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры. 2008 жылдың шілде айында Қазақ Ұлттық техникалық университетіндегі әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
127 ғылыми еңбектің (оның ішінде 4 монографияның) , 3 жаңалықтың, 12 өнертапқыштық ұсыныстың авторы. Оның жетекшілігімен 3 кандидаттық диссертация қорғалды, қорғауға 2 докторлық, 3 кандидаттық диссертация дайындалды.
Мальта, Мәскеу, Санкт-Петербург, Пермь, Днепропетровск, Бишкек, Шолпан - Ата, Алматы, Астана, т.б өткен республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты.
Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін халықаралық «Веаfur I. International» сыйлығымен (Франция, 1996), 1999 ж. медицина ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін академик С. Балмуханов атындағы сыйлығымен марапатталып, 2002 ж. ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Талантты жас ғалымдар үшін» стипендиясына ие болды.