Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов

Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов

Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов 1949 жылы РКФСР Новосібір қаласында туған. Свердлов заң институтының Новосібір факультетін бітірген. Заңгер.
Еңбек жолын 1966 жылы Новосібір қаласындағы № 2 көпір тресі № 472 көпір пойызының көпір салушысы болып бастаған. 1969-1972 жылдары Новосібір қаласының ішкі істер басқармасына қарасты ӨҰБ СВПЧ-2-де қатардағы өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. 1972-1975 жылдары – Новосібір облысының Куйбышев қаласы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеуші. 1975-1976 жылдары – Алматы қаласының Фрунзе ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1976 жылғы қаңтардан тамызға дейін – Алматы қаласы прокуратурасының аға тергеушісі. 1976-1979 жылдары – Алматы қаласының Ленин ауданы прокурорының орынбасары. 1979-1981 жылдары – Алматы қаласының Калинин, Алатау АІІБ бастығының орынбасары. 1981-1986 жылдары – Алматы қаласы Ленин АІІБ-нің бастығы. 1986-1987 жылдары – КСРО ІІМ-нің көліктегі Шығыс ІІБ бастығының орынбасары. 1987-1988 жылдары – Алматы қалалық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1988-1989 жылдары – Алматы облыстық партия комитетінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1989-1990 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы ҚК-нің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 1992-1995 жылдары – ҚР-ның Мемлекеттік кеңесшісі. 1995-2000 жылдары – ҚР Ішкі істер министрі – ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2000-2002 жылдары - ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2002-2003 жылдары – ҚР Ішкі істер министрі. 2003-2008 жылдары - ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысы. 2008-2009 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы. 2012 жылдан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
II дәрежелі «Даңқ», I дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және 35 медальмен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста