Қайрат Қапарұлы Айтуғанов

Қайрат Қапарұлы Айтуғанов 1952 жылы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалын, 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Біліктілігі бойынша агроном ғалым, инженер-экономист. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1979 жылы Көкшетау почтамты тасымалдау цехының операторы болып бастаған. 1984-1985 жылдары - Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалының кафедра ассистенті. 1985-1986 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды. 1987-1989 жылдары - Көкшетау облысы Зеренді ауданының Қарабұлақ совхозында агроном, аға агроном, бас экономист. 1989-1990 жылдары Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты. 1990-1992 жылдары Қызыл ту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, кейін осы ауданның экономика бойынша комитетінің төрағасы болып істеді. 1992-1996 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 1996-1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің аппаратында экономикалық саясат және аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасы бастығының орынбасары, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау бөлімінің бастығы. 1998-2002 жылдары - «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры, қаржы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары. 2003-2005 жылдары - «Қазақстан фермерлер одағы» заңды тұлғалар қоғамының вице-президенті. 2005-2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде департамент директорының орынбасары, департамент директоры, аппарат басшысы. 2006-2007 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Бүкіләлемдік банк жобасының үйлестірушісі. 2007-2011 жылдары - «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ департамент директоры, қаржы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы. 2011-2012 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2012 жылғы 9 шілдеде Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы, тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста