Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов
Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов 1936 жылы 10 мамырда жылы Ақмола облысының Атбасар ауданында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі.
1958-1995 жылдары - Қазақстан ҒА Геологиялық ғылымдар институтының инженері, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1996 жылдан «Казнедра» ғылыми-өндірістік бірлестігінің департамент директоры. Ол көп циклді иілімді атыраптардың гранитоидты жыныстарының қалыптасуының формациялық-петрохимиялық теориясын жасап, оның негізінде граниттерді 12 петрохимияға жіктеді. Порфирлі жыныстардың сілтілігі мен қышқылдығы арасындағы кері корреляттануды анықтау негізінде колчедан-полиметалл кендерінің қалыптасу ерекшеліктерін тапты. Темір, марганец, полиметалл кендерінің түзілуіндегі көлденең және тік бағытты минералды-геохимиялық белдемділікті ашты. Сондай-ақ оның геология және металлогения саласындағы іргелі теориялық зерттеулері Қазақстанның Солтүстік Балқаш, Кіндіктас - Шу - Іле аймақтарындағы кендерді болжауға және игеруге негіз болды.