Қабиболла Қабенұлы Жақыпов

Қабиболла Қабенұлы Жақыпов

Қабиболла Қабенұлы Жақыпов 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы. Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы. Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Экология академиясының академигі. Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының академигі.
Қосалқы авторлықпен құрылыс материалдары жөніндегі үш кітабы жарық көрді.
1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды. 1977-81 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті. 1981 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983 жылдан – Орал қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1987 жылдан – Қазақстан Компартиясы Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы. 1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті. 2001 жылдан – ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі. 2007 жылдан – «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2014 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
Елімізге сіңірген еңбегі үшін «Парасат» (2009) және «Құрмет» (1999) ордендерімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ұлтаралық келісімге сіңірген қызметіне орай Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Даниил Әулие» ордені берілген. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста