Оразхан Аймақов
Оразхан Аймақов 1941 жылы 15 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында дүниеге келді. 1963 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институын тәмамдаған. Ғалым, химия ғылымының докторы (2002), профессор халықаралық педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі (1983-1987), Ш.Уәлиханов атындындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтта аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1990-1996), доцент (1998-2002). Мәскеу қаласындағы А.Н.Несмянов атындағы РАН ИНЭОС-тың аға ғылыми қызметкері (1996-1998). 2003 жылдан кафедра меңгерушісі. 220-дай ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 кітап, бірнеше әдістемелік оқу құралдары жарық көрген. 5 авторлық куәлік пен 3 патенттің иегері. «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді (2006).